ОТБАСЫ
ОТБАСЫ
06.12.2022 09:42
213
0

Желіде ең көп айтылатын мәселелердің бірі отбасы ғой. Елімізде отбасының шайқалуы да алаңдатарлық деңгейде.  Әрбір 20 еркектің 1-еуі өз әйелін барлық әйелдерден артық санайды екен. Ал әрбір 10 әйелдің 1-еуі өзінің ерін идеял деп есептейді. Демек отбасын құрған ер-әйелдің басым көпшілігінің көзі сыртта деген сөз.

Уақытша сезім үшін өзінің тұрақты отбасы құндылығын құрбан ете салуы да содан. Бұдан бақытты болып кетпейді. Біреудің қызығын таптаған адам қызыққа қалай бөленбек?!

Ел алдында жүрген "тұлғалардың" да кейбірінің нәпсінің жетегінде кетуі қасірет расында. "Ойбай, жас әйел алсаң екінші тынысың ашылады!" -деп жатады.

Жетімнің санын көбейтіп ашқан тыныстан не пайда?

Өз ұяңды құлатып, біреудің ұясын паналағанның несі артық?!

Руың, қаның, намысың кімнің босағасында жүр?!

Өзара сыйластық, өзара сүйіспеншілік, екі жақты сенімге негізделетін отбасы қатынасы берік болса, баланың да ананың да шаттығы емес пе?!

Барға қанағат, жоққа салауат деп балапандарымызды жеткізсек, бізден үлгі алмай ма?!

Адалдықты аққудан, төзімді торғайдан үйренсе те саналы адам отбасын шайқалтпасы керек емес пе?!

Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел едік!

Енді ел аман, жұрт тынышта жетім- жесірлеріміз неге көбейіп барады?

 

Кеңшілік Тышхан

0 пікір