Ол – барлық жамандықтың кiлiтi!..
Ол – барлық жамандықтың кiлiтi!..
28.09.2016 14:11
3515
0

Алла  Тағала адамдарды басқа мақұлықтардан ажыратып, өзiмiздi пәк ұстап, харамнан сақтануымызды бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   өзiнiң мүбәрәк хадистерiнiң бiрiнде:

»Алла Тағаланың адамда бiр жапырақ еттi жаратқан, егер осы бiр жапырақ ет пәк болса адамның денесi яғни  басқа мүшелерi де пәк болады. Егер сол бiр жапырақ ет бүзылса, адамның басқа мүшелерi де бүзылады, пәктiгiнен айрылады. Ол бiр жапырақ ет – жүрек «. Демек харамнан сақтанып, пәк адал өмiр кешiру шiн әр бiр адам өз жүрегiн таза сақтауы керек.

Жүректi тазалау екi түрлi болады. Бiрiншiсi, дененi тазалау, екiншiсi рухани тазалық.

Адам жүрегiн, тәнiн тазалу үшiн Алла харам еткен үш нәрседен сақтану керек. Өйткенi адамның жеген тағамы асқазанда қорытылған-нан кейiн белгiлi бiр мөлшерiнде қан болып тамырлар арқылы жүрекке барады. Алла Тағала адамға ұлық сыйлық етiп ақылды бердi. Осы ақылмен хайуандардан ажырап тұрамыз. Алла мойнымызға жүктеген барлық мiндеттердiң амалға асуы ақыл талабымен болады. Тiптi жүмаққа кiруiмiз, яки тозаққа кiруiмiз де ақыл бiзге қаншалықты жол бастағанының белгiсi. Ақылы жоқ адамның қандай күйде болуы, жындылар бинесiнде көз алдымзға келедi. Олар хайуан емес, хайуаннан да төмен. Өйткенi хайуандарды адамдар пайдаланады. Мысалы қой, түйе, ешкiлердi сойып жеймiз,жүнi мен терiсiнен киiм тiгемiз. Кейбiреулерiн мiнемiз, кейбiреулерiне жүк артамыз. Қысқасы, хайуандар ауырымызды жеңiл, ұзағымызды жақын етуге жәрдем бередi. Жындылар және ақыл – есi дұрыс емес кiсiлер де ешкiмге пайдасы жоқ. Оларды тек адам баласы болғаны үшiн ғана қарайды, бағып – қағады. Бiздерсондай ақылсыз адамға айналып қалудан Алладан пана сұрауымыз керек. Бiрақ көп адамдар ең ұлық болған ақылмен ойнап, одан айрылып жындыға айналдыратын, адамды хайуаннан да  бетер қорлыққа түсiретiн мас қылушы iшiмдiктер iшiп, нашақорлықпен айналысады. Бәрiмiзге белгiлi iшкiлiк iшкен кiсi бiр отырыста әртүрлi хайуанның бейнесiне кiрiп шығады әуелi тiзесiн ұрып бақырады, болар – болмасқа ыржаңдап маймылға айналады. Бiрәз iшкеннен кейiн күшейiп жанында отырған адамдарға күш көрсетiп, ұрып, боқтап жiберуге дайын тұрады. Бұл кезде өзi тамақ жеп тұрып та қарсы алдындағыдан қызғанып, ырылдаған ит бейнесiне кiредi. Әбден iшкеннен кейiн ақыл – есiн жоғалтып, құлап, құсып, лайға аунап, үстi – басына нәжiс тигiзiп, шошқаға айналады. Мұндай араққорлар блаларға мазақ, үлкендерге келеке, жанұясының, ата – анасының маңдайына жазылған бәле болады.

Абу Лайс Самарқади(Оған Алла разы болсын) былай дейдi :

»Арақ iшпе ! Өйткенi онда он жаман қасиет бар:

1.Араққор арақ iшкенде жындыға айналады, жас балаларға күлкi болады, ақылды адамдардан сөз есiтедi.

2.Арақ ақшаны ысырап етедi және ақылдан айырады.

3.Араққолық ағайын – туыс пен достардың арасына араздық кiргiзедi«.

Алла Тағала Құран Кәрiмде »Майда« сүресiнiң 91-аятында былай дейдi:

«Негiзiнде шайтан арақта, құмарда араларыңа  дұшпандық әрi кек салуды қалайды.«

4.Әлбетте, арақ iшу Алланың зiкiрiнен және намаздан қайтарады. Алла Тағала Құран Кәрiмде былай деп ескертедi: « Шайтан сiздердi Алланың зiкiрiнен және намаздан қалдыруды қалайды. Ендi тоқтайсыздар ма, жоқ па? ( яғни арақтан тоқтаңдар )«.     » Майда « сүресi, 91-аят.

5.Арақ адамды арсыздыққа, ойнастыққа алып барады, өйткенi арақ iшiп, мас болып өзi бiлмей әйелiн талақ етедi.

6.Арақ – барлық жамандықтың кiлiтi. Арақ iшкен адам кез келген күнә iске бейiм болады.Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): » Iшкiлiктен сақтаныңдар. Өйткенi ол – барлық жамандықтың кiлiтi«-деген.

7.Азғындық жолына кiрiп, арақ iшкен адамның сасық исiнен барлық қорғаушы перiштелер қашады.

8.Шариат бойынша арақ iшкен адамға сексен дүре соғу уәжiп. Егер де бұ дүниеде ұрылмаса, ахыретте ата – анасының және достарының алдында оттан болған қамшымен ұрылады.

9.Арақ iшумен аспан есiктерiн жауып қояды. Өйткенi бiр мәрте арақ iшкен кiсiнiң жақсылық iстерi және қылған дұғалары қабыл болмайды.

Бұған дәлел Пағамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хадисi бар:

» Үмметiмнiң iшiнен   iшкiлiк iшкен адамның Алла Тағала қырық күнгi намазын қабыл етпейдi". Бұл хадиске қатысты  Имам  Суютый: » Адам бойына тараған iшкiлiктiң толық жойылуы мерзiмi – 40 күн « деген.

10.    Арақ iшушi адам уайым, қайғыға түседi, өйткенi ол өлер уақтында имансыз кетуi мүмкiн. Себебi Пағамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)

» Алла Тағала  iшкiлiк iшкен кiсiнiң қырық күндiк намазын қабыл етпейдi. Осы қырық күн iшiнде өлiп кетсе, ол адам дозаққа түседi. Алла Тағала оған назар да салмайды « деген.

      Бұл   қиыншылықтардың  барлығы бұл дүниедегiсi, бiрақ ахиреттiң қиыншылықтарынан санап болмайды. Аз ғана ләззатқа бола мәңгiлiк ләззаттан мақырұм қалу ақымақтың нағыз өзi.

     Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   мұсылмандарды  шарап iшуден қайтарған, бұл жайында Құранда да айтылады.  Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   миғражға шығарда Жәбрейiл (Оған Алланың сәлемі болсын) бiр қолында сүт, екiншi қолына шарап алып келiп » таңда « дегенде, пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүттi таңдаған. Сол уақытта Жәбрейiл (Оған Алланың сәлемі болсын): » Сен хақты таңдадың, егер шарапты таңдағаныңда үмметiң жоқ болатын едi« деген. Осы орында айта кететiн жәйт Алла қайсыбiр нәрсенi харам еткен болса, оның саудасын да харам еткен. Сондықтан мас  қылушы iшiмдiктердi iшу де, сату да,оның табысын пайдалану да харам болады. Бұған Пайғамбарымыздың(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көптеген хадистерi дәлел болады. Хадис-шарифтiң бiреуiнде бұл жөнiнде былай делiнген.

 » Алла Тағала арақты, оны iшушi мен құйып берушiнi, сатушы мен сатып алушыны, дайындаушы мен дайындатушыны, арақты  алып келгендi, алып келуге бұйырғанды және сатып күн көргендi лағнеттейдi«.Және  бiр  хадисiнде айтады: » Алла арақты харам еттi, оның табысын да   харам еттi.  Өлiп қалған малды харам  еттi, оны сатқандағы ақшасын да харам еттi. Шошқаны харам еттi, оның табысын да харам еттi.  Харамның азы да, көбi де бiрдей харам «.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : » Мас қылушы әр бiр нәрсе – арақ үкiмiнде. Мас ететiн нәрсенiң азы да, көбi де бiрдей«.  Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметiне аса мейрiмдi қамқор болғандықтан үмметi адасып кетпеуi үшiн көптеген ескертулер айтып кеткен.  Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   айтады:

« Кiмде – кiм арақ iшсе, оған күйеуге шықпаңдар,  аурып қалса көңiлiн сұрап бармаңдар, дүниеден өтетiн болса, жаназасына қатыспаңдар.  Менi пайғамбар етiп жiберген Алланың атымен ант етiп айтамын Алла Тағала арақты Тауратта, Инжилде де, Забурда да, Құранда да лағнеттеген.  Кiмде – кiм арақтың бiр тамшысын iшкiзсе Алла Тағала оның денесiн жылан, шаяндарға тастайды. Кiмде – кiм бiреудiң арақ iшуiне жәрдемдессе, онда ол исламның бұзылуына жәрдемдескен болады. Егер оған қарыз берсе, онда ол бiр мүмiндi өлтiруге жәрдемдескен болады. Сондай-ақ кiмде кiм арақ iшушi мен бiрге отырса, Алла Тағала оны қияметте екi көзi көрмейтiн етiп тiрiлтедi. Алла Тағаланың назарынан тыс қалады «.

Әрбiр ақылы бар адам отырғызған ағашын жемiстi болуын қалағаны сияқты өзiнiң ұрпағын да  салауатты, ақыл өрiсi кең елiне танымал болуын қалайтыдығы сөзсiз. Қазiргi таңдағы медицина ғылымы арақтың кейiнгi ұрпаққа зияндығын дәлелдеп, ол жайында былай дейдi. Арақ жалғыз iшкен адамға ғана кесiрiн тигiзумен шектелмей, айналасындағыларды да шарпитыны анық. Мысалы сәбилердiң зейiн және дене мүшелерiнiң олқы болуының себебi тек қана әкенiң қатесi емес. Егер ана да арақ iшсе, ондағы сәбидiң жаратылысына дәнекер болатын аналық жұмыртқа клеткалары зақымдалып, баланың кемiс болып туылу мүмкiндiгi артады. Әсiресе аяғы ауыр кезде арақ iшкен аналардың балаларында орны толмас кемдiктер болады. Аяғы ауыр кезiнде iшiлген арақтың қауiпсiздiк өлшемi жоқ . Яғни әйел қанша аз iшсе де, iштегi сәбиге зиян. Вашингтон университетiнiң докторы Анн Стрейгсгуз өз сөзiнде осы айтылғанды растаса, Питербург университетiнiнде 700 сәбиге жүргiзiлген зертеулер нәтижесiнде бiр шыны сыра ана құрсағындағы баланың миына әсерiн тигiзедi деген қортындыға келген.

         Iшiмдiкке әуес емес әйелдерге қарағанда аз мөлшерде болса да iшiмдiк iшкен әйелдердiң сәбилерi:

  1. 89% -тi әлсiз болып дүниеге келедi.
  2. 84% -тi болашақта психикалық қиыншылықтарға ұшырайды.
  3. 84% -нiң бас мөлшерi тиiстi мөлшерден кiшi болады.
  4. 80% -де сөйлеу мөлшерiнде кемiстiк болады.
  5. 80% -нiң терiсi зақымдалған болады.
  6. 51% -нiң аяқ-қол саусақтары қысқа болады.
  7. 46% -нiң жыныстық мүшелерiнде.
  8. 41% -нiң есту мүшелерiнде кемiстiк болады.
  9. 25% -де көру қабiлетi төмен болады.
  10. 10.23% -тi жүрек ауруына шалдыққан күйде туады.
  11. 11.10% -нiң бүйрегi толық iстемейдi.                               

   Жалпы дәрiгерлер iшiмдiк iшу нәтижесiнде сәбидiң бойынада 850-ден астам түрлi ауру пайда болады деген қортыдыға келген.

   Қазақ халқында сурып салма ақын, сөз тапқыр шешен, аузына алты алаш баласын қратқан киелi жандар аз болмаған. Бұның барлығы ақылдың толық болуы, зеректiң, ой-өрiстiң кең болуының куәсi. Менiңше, қазақ халқының бүгiнгi үлкен жауы iшкiлiкке әуес болуы.  Қазiргi таңда өкiнiшке орай қымбатшылыққа қарамастан тек жiгiттер емес, отбасының ұйытқысына айналған аяулы аналар да iшкiлiкке әуес. Бұл дертке шалдықпаған отбасы кемде кем деуге болады. Кей жерлерде »бұл өмiрде iшкеннен басқа не қылады« деп өңшең әйелдер жиналып iшкiлiк ұйымдастырады. Анасы арақ iшкен жерде бала тәрбиесi жайында қалады.

         Маскүнемдiк адамдарды аздырып, ауруға шалдықтырып, отбасын, бала-шағаны тоздырады. Мас адам iсiне есеп бере алмайды, түрлi қылмысқа барып, көптеген ауыр күнә арқалайды. Соңғы ғасырдағы жаппай жиылған рухани жұтандық пен имансыздыққа ұл-қыздарымызды сенiм мен үмiттен жұрдай етiп, сергелдеңге салып, азып-тозуға мәжбур ететiн қайғылы жағдай көбiнесе отбасынан басталады. Арақ әрдайым адамды ұят, ар-намысты ұмытуға және имансыздыққа алып барады.

         Адам өзiнiң нәпсiсiн тыя алмай ақылға, абыройға, адамгершiлiкке жат iс-әрекетке барса, иманы бар дей аламыз ба ?

         Өзiмiздiң бұрынғы ата-бабаларымыз бiреудi ұнатса, оған еркше iзет-құрмет көрсеткiсi келсе »ол өзi бiр иман жүздi адам« деушi едi. Сонда бұл »иман« деген сөз адамның бойындағы бүкiл адамгершiлiк қасиетiн қамтитын »ұятты бiлу, ұяла бiлу« деген мағынаны бiдiредi деген екен Абай атамыз.

         Қазiргi заман ағымына қарай халқымыздың рухани азып-тозуына жол бермеуде имандылық бағытын тәрбиелеу үшiн сан ғасырлар бойы уақыт санынан өтiп бүкiл әләмге кең қанат жайған. Ислам дiнiнiң имандылық жөнiндегi шарттарын халыққа жеткiзу қажет.

         Ислам дiнiнiң мұсылманшылық шарттарын жан мен тән тазалығына, адамдардың бiрiн-бiрi қадiрлеуге, сыйлап, сүюге, қайрымды, мейрiмдi болуға, әдiлдiктi берiк сақтауға, мiнез-құлқын, iс-әрекеттерiн iзгiлендiрiп, iшкен асы мен киген киiмдерiн, жеке басын кiршiксiз таза ұстауға мiндеттейдi.

         Ар-ұят, обал-сауап, үлкендi құрметтеу, кiшiге қамқоршы болу, ата-ананы тыңдау, оларға адал болу, ренжiтпеу, оғаш мiнез көрсетпеу сияқты исламның шарттары қазiргi кезде ауадай керек-ақ. 

0 пікір