НЕКЕ АДАМДЫ АДАСУШЫЛЫҚТАН ҚОРҒАЙДЫ
НЕКЕ АДАМДЫ АДАСУШЫЛЫҚТАН ҚОРҒАЙДЫ
30.07.2021 09:24
1860
0

Бисмиллахир – Рахманир – Рахим! 

Неке дегеніміз – отбасын құру және ұрпақ жалғастыру ниетіндегі үлкен де абыройлы іс. Ол адамның бүкіл болмысы мен жанын, ақылын түрлі адасушылықтардан қорғайтын сезімді басқарады.  Дінімізде үйлену мәселесіне ерекше маңыз берілген. Пайғамбарымыздың «Үйленуге мүмкіндігі бола тұрып, үйленбегендер, менің үмметімнен емес», - деген хадисі бар. Сондықтан, әрбір мұсылманға неке қиып, отбасын құру – мұсылмандықтың шарттарының бірі.  Ертеректе ата-бабаларымыз шаңырағын өзара түсіністікпен, бір-біріне деген махаббат сезіміне деген құрметпен негіздей отырып құрды. Өз кезегінде оның отбасының тату-тәттілігіне, ынтымақ-бірлігіне өзіндік әсері болды.            

 Отбасы - мемлекеттілікті құрайтын үлкен тетіктердің бірі. Ал, осы тетіктер өзара үйлесіммен үлкен игі бастамадағы мемлекетті іске қосатын рухани байлықтар.                

Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Ақиқатта адам үйленгенде үш түрлі ниетпен үйленеді. Біріншісі имандылығы, тәрбиелілігі, мінез – құлқы, парасаттылығы үшін. Екіншісі дүние – байлығы үшін. Үшіншісі сұлулығы үшін. Сіздер діндарлығына қарап үйленіңіздер, әйтпесе өз – өздеріңізге зияндық істеген боласыздар», - деген. Сондықтан, мұсылман адам ең алдымен кіммен некеге отыратынын, кіммен бас қосатынын білуі мен талғамды таңдауы болу қажет.  Осы ретте мына бір жағдай еске түседі. Күндердің күнінде ісі оңға басқан бір саудагер үйіне құр қол оралады. Әйелі күйеуіне кешкі асын беріп отырғанда, оның оң көзінің сол жағына қарай қисайған кемшілігін бетіне баса айтады. Әйелінің бұл сөзіне қатты ызаланған күйеуі: «Біздің отау құрғанымызға бірнеше жыл болды, сол уақыттан бері менің көзімнің кемшілігін бүгін ғана байқап отырсың ба?», - депті. Сонда әйелі: «Сізбен отау құрғалы бері мен сенің көздеріңе көңіл бөлмей, тек үйге алып келген дүние-заттарыңа назар тастап, қолыңа ғана қарадым. Бүгін сіз құр қол келгендіктен, жүзіңізге қарап, көзіңізге көзім түсті», - деген екен.          

 Мұсылман ердің алдында некелескен әйелін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде, баспанамен қамтамасыз ету, тамақтандыру, киіндіру, т.б. міндеттері бар. Ал, өз кезегінде мұсылман әйеліне келесі міндеттер жүктеледі: күйеуіне бағыну, күйеуінің ата – анасы мен туыстарын құрметпен сыйлау, басқа бөтен ер адамдардан өзін қорғау, күйеуі ұнататын киім кию және иіс суды қолдану. Күйеуінің жиған – тергеніне ие болу. Тіптен, күйеуі әйеліне бөлектенуді сұраса, еш қарсылықсыз бағыну (етеккірі болмаса).            Осы арада мына бір хадистен  мысал келтіре кетсек.

“Муьаз (р.л.ғ.) Шамнан келген уақытта Нәбиге (с.ғ.с.) сәжде еттi. Мұны көрген Нәби (с.ғ.с.):

 “Ей, Муьаз (р.л.ғ.)! Мұның не?”, - деп сұрағанда, ол (р.л.ғ.):

 “Мен Шамға барғанымда ондағы адамдардың өздерiнiң епископ пен ақсүйектерiне сәжде ететiндерiн көрiп, бiз де Сiзге (с.ғ.с.) солай сәжде етуiмiздi оң көрдiм”, - деп жауап бердi. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.):

“Олай iстемеңдер. Мен адамның адамға құрмет пен бойұсыну белгiсi ретiнде сәжде етудi бұйырар болсам, ең алдымен әйелдiң өз ерiне сәжде етуiн бұйыратын едiм. Әйелдiң ерi осыған лайық. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жаны билiгiнде болған Алла Тағаламен ант етемiн! Тiптi ерi әйелiнен “жаныңды бер” деп талап еткен болса да, әйел өз ерiне қатысты мiндетiн өтемейiнше, Раббысының алдындағы мiндетiн өтемеген болады,” - деген екен. Пайғамбарымыздың с.а.с. осы бір өнегесінен үлкен ұлағат көруге болады.     

 Исламда әйел мен еркектің өзара міндеттері нақтыланып көрсетілген. Алдымен әйелдің ерінің алдындағы міндеттері мен әдебін атап көрсетсек: 

1. Әйел кісі күйеуінің рұқсатынсыз тіпті нәпіл ораза ұстай алмайды және үйіне бөтен адамды кіргізбеуі тиіс; Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Күйеуі жанында бола тұрып әйелдің Рамазан айынан тыс уақытта ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауына, үйіне бөтен адамды кіргізуіне, малын жұмсауға болмайды», – деген (Бұхари). Исламда отбасылық өмірдегі жұбайлардың шариғат белгілеп берген ақылары нәпіл ғибадаттардан жоғары тұрады. Бұған барша мұсылман бауырларымыз амал етулері керек.

 2. Әйел кісі үзірлі (мәжбүрлі) жағдайы болмаса, күйеуінің шақыруынан бас тартпауы тиіс; «Ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, бұл да әйел кісінің күйеуі алдындағы жұбайлық міндеті болып табылады. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ері төсекке шақырған уақытта келуден бас тартқан әйелге періштелер таң атқанға дейін лағынет айтады», – деген.

3. Әйелдің күйеуіне бағынуы; Ер адам – үйдің отағасы. Егер жұбайы күйеуіне бойұсынса, перзенттері де әкесінің тілін алатын, үлгілі болмай ма? Осыдан кейін отбасында сыйластық, ата-ананың балаға деген, бала-шағаның ата-анаға деген сүйіспеншілігі артып, шаңырақта береке бірлік орнайды.

 

Әділбай Тойшиев

 

0 пікір