Күйеуіңізге жоқ демеңіз...
Күйеуіңізге жоқ демеңіз...
09.12.2015 11:18
28945
0

Басқа жаратылыстар секілді, ер мен әйел де жұп болып жаратылды. Олар екі жарты болып тұтас бір бітімді құрады. Осынау бір жалғанда бір-біріне көмекші болып, бір-біріне жолдас болуды қалады. Бұл Құдіреті Күшті Алла Тағаланың әмірі болатын. Немесе ері әйелін ренжітпеуді, әйелі ерін сыйлауды да сол Ұлы Жаратушымыз біздерге міндеттеген-ді. Осылай Ол қаншама ұрпақты жаратып, әлгі заңдылықтың айна-қатесіз орындалуын қадағалады.

Жер бетіне нешеме пайғамбарларды жібере отырып, ең ақыры ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) кез келген істе үлгі болуға үндеді. Осы орайда ер мен әйелдің арасындағы төсек қарым-қатынасына ойысыңқырасақ деп отырмыз. Шын мәнісінде, екі жас некелескен соң-ақ арасында төсек қатынасы болуы заңды құбылыс. Алайда, бәзбір ерлі-зайыптылар осы қарым- қатынасты ерте бастан шектеп немесе немқұрайды қарайтын сықылды. Осындай үрдіс бір және екі баласы болған отбасыларда жиі кездеседі. Тіпті мұндайды енді ғана шаңырақ көтеріп, үйленгендеріне де көп болмаған жастардың өзінде де кездесіп қалады. Ал үлкендердің арасында бұл жағдай орын алып жатса, мейлі ғой дерсің. Жасы егде тартқан соң сол төсекке құлқы тартып тұрмаған шығар да дейсің. Мәселе онда емес, бар кілтипан неде дегенге жауап іздейікші.

Неге ерлі-зайыптылар төсектен жерінуі тиіс? Неге олар бір-бірін өліп-өшіп іздемейді екен? Ең бастысы, бірі қалап тұрса, екіншісі неге жоқ дейді? Негізінде, күйеуіңізге жоқ деу түбінде талай опық жегізеді? Бүгінде бұл жағдайды қаншама жігіттеріміздің бөтен бір әйелге көз салып, онымен төсектес болып жатқанынан байқауға болмай ма? Шындығында, «Өзгенің қаңсығы, таңсық болыпты» да деген тәмсіл тегін айтылмаса керек. Әрине, өзінікінен тоят таппаған соң, көзінің құртын өлтірмегеннен кейін, айрықша жұбаныш пен жылылық таппағандай болғандықтан, ең бастысы Алла Тағаланың алдында ауыр күнә жасап жасап жатқанын білді ме ол, сірә?!Негізі, адамның нәпсісі оның соңғы демінің шығуымен тәмамдалады. Осы тұрғыдан келгенде, еріңіздің нәпсісі қай деңгейде екенін ойлай беріңіз. Ертедегі қазақ атаңыздың Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбайлары қайдан шықты дейсіз сонда. Шын мәнінде, еркектің жыныстық қалауы біршама кештеу сөнетін шыраққа ұқсайды. Ал, әйел адамның қалауы жай толқынға ұқсайды. Еркек адамның нәпісісі асау толқын, сеңгір сел секілді ғой. Сондықтан, біздің әйелдеріміз, қарындас-әпкелеріміз бен жеңгелеріміз осы жағын ойлануы ләзім. Ал енді әйеліңіз бола тұрып,ол сізге бағынса да одан жалығып, өзгеге көз алартқаныңызды қоймасаңыз, хайуаннан атаулыдан да төменсіз. Егерде өз күйеуіңізден безініп, еріңіздің қалауын қанағаттандырмасаңыз, онда періштелер лағынет айтатын болады. Оған дәлел, сүйікті Пайғамбарымыздың айтқан сөзі бар. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с): «Ері төсекке шақырған уақытта келуден бас тартқан әйелге періштелер таң атқанға дейін лағынет айтады», – деген.Анығында, әйел кісі үзірлі (мәжбүрлі) жағдайы болмаса, күйеуінің шақыруынан бас тартпауы тиіс. Бұл әйел кісінің күйеуі алдындағы жұбайлық басты міндеті болып табылады.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйел адам қандай тірлікпен айналысып жатса да, өзінің жары шақырғанда барып қалауын орындау керектігін айтып былай дейді: «Егер ері әйелін қажеті үшін шақырса, тандырда болса да келсін». Басқа бір Әбу Заррдан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:  «Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа», – деген. Сахабалар: «О, Алланың елшісі! Біздерден біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар», – деген болатын.

Ендігі жерде айтарымыз сол,некеңіз барда төсек қатынасы харам болуы әсте мүмкін емес. Сондықтан төсек қатынасынан бірінші кезекте әйел адам тартынбауы, қысылмауы керек. Қай жасқа келсе де әрине. Қайта оның сауап екенін білу керек. Және ең бастысы сіз еріңізге, яғни күйеуіңізге жоқ демеңіз. Сонда ғана сіз күйеуіңіз разы болған әйел ретінде жұмақпен сүйіншіленесіз!..

А. ӘБЕНҰЛЫ

0 пікір