Күйеуім үйге асықсын десеңіз...
Күйеуім үйге асықсын десеңіз...
02.11.2015 18:01
29387
0

Қазіргі таңда кейбір қыз-келіншектерден: «күйеуім жұмыстан кеш келеді, маған мүлде көңіл бөлмейді» дегенді естіп қаламыз. Алайда оның себебі әйелге де байланысты екенін түсінбеуі мүмкін. Жарыңыздың үйіңізге асыққанын қалайсыз ба? Ендеше құлақ түріңіз:

1. Күйеуіңіз жұмысынан кешігіп жатса дереу жаман ойға салынбаңыз.

2. Есіктен кіре салып «қайда болдың?» деп ұрысуға «дайындалып» отырмаңыз.

3. Жұмыстан келгенде тамағы, жылы суы, киімі мен жатар орны дайын тұрсын.

4. Қарны ашып келгенде тамағы дайын болмаған, балалары қаралмаған, жиналмаған үйге ер адам асықпақ түгілі, басын алып қашатыны анық. Оған әйелдің «қайда болдың?» деген айғайын қосыңыз.

5. Отбасы – еріңіз шаршап келгенде демалатын саялы бағы, жанының тыныштығы болуы тиіс.

6. Есіңізде болсын, еріңіз отбасым, бала-шағам деп жүр. Кейде жұмысында жиналыс, тығыз шаруалар болып қалуы мүмкін. Сондықтан бірден теріс ойларға салынбай, ақылға салған дұрыс.

7. Әрдайым таза, ұқыпты, әдемі болып жүріңіз. Күйеуіңіздің сізге деген сүйіспеншілігін жоғалтып алмаңыз.

0 пікір