...КІМ АСЫРАП АЛАДЫ?
...КІМ АСЫРАП АЛАДЫ?
16.02.2019 12:58
1263
0

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата - ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады. Мен сіздерге мына бір қызықты мысалды айтайын:

Маңдайы шүйдесіне дейін жалтырап, иегі қатпарланған, дауысы қарлыққан  Профессор студенттерге  туралы лекция оқып тұр:

- Мынадай бір адам бар. Өзі сөйлей алмайды, адамдардың айтқанын да ұқпайды, кейде сағаттар бойы еш мән-мағынасыз дыбыстар шығарады. Ол адам таң атып, кеш батқанын да білмейді, ешкімді ажыратып тани бермейді. Бірақ неге екені белгісіз атын атап шақырса шақырған жаққа бұрылып қарайды.  Мен соңғы 6 айдан бері ол адамды өз қамқорлығыма алдым. Ол өзін-өзі ұстай алмайды, үнемі жанында асыраушы болады. Оның  бірде –бір тісі жоқ болғандықтан тамақтың барлығын езіп беруден басқа жол жоқ. Өңірі

мен  кеудесіне үнемі сілекей ағып тұрады. Ол адам жүре алмайды, ұйқысы да тұрақты емес, қалаған уақытында  ұйықтап, қалаған уақытында ояна береді. Сол кездерде де қандай бір адам жанында болуы керек. Түн ортасында кенет бақырып, бажылдап үйдегі адамдарды оятады. Ол адам көбінесе момақан қалыпта болса да кей-кейде ешбір себепсіз ашуланып, бақырып та жатады. Ол кезде оны  тыныштандырып, алдарқатпаса бақыруын тіпті үдете береді. Ол өзідігінен туалетке де бара алмайды, сондықтан үнемі жатқан төсегі мен ішкиімін жуып-тазалап тұру да қажет болады.  Профессор әңгімесін осылай сабақтай келе, студенттерден  осындай адамды  өз еріктеріңмен асырауға аласыңдарма деп сұрады. Студенттер бірауыздан  бас тартты. Студенттердің кейбірі тіптен  профессорға бұдан ары ол адам туралы айта бермеуін де өтінді.

Профессор болса, өзінің осындай бір адамды шын ниетімен қамқорлығына алғанын және онысына өкінбейтінін айтып,алда сендерге де осындай адамды асырайтын   уақыттар тап  болады дегенде студенттер таң тамаша болады.  Профессор өзінің  қамқорлығына алған адамның суретін студенттерге көрсеткенде, студенттердің көзі жарқ етіп, жамырай күлді.

Өйткені суретте  пофессордың 6 айға жаңа ғана толған,  сүйкімді немере қызы тұр еді.

          Иә, сені осылайша бағып-қағып өсірген ата-анаңа  деген жақсы қарым қатынас, олардың иман келтіріп, келтірмегендігіне қарамастан, Алла тағаланың разылы үшінгі сыпайы қарым-қатынаса біл. Оларға жақсы сөз сөйлеп, сыпайы бол. Қартайғанда өзіңе де жақсы сөздер айтылады.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір