Екі жарты бір бүтін
Екі жарты бір бүтін
18.05.2015 12:00
9926
0

Өзіміз жақсы танитын адамдарды ойша бір шолып шығайық. Қасында сенімді жан серігі, жақсы жұбайы жоқ бола тұрып жетістікке жеткен еркек көріп  пе едіңіз?  Қасында өзін жақсы көретін өмірлік жолдасы болмай, бақытты болған әйел көріп пе едіңіз? Әдетте, әрбір  табысты еркектің қасында жақсы бір әйелдің, ал өзін бақытты санайтын әйелдің жанында жақсы бір еркектің болғанын байқаймыз. Тарихта да солай. Ибраһим Пайғамбар мен Ажар анамыз, Мұхаммед Пайғамбарымыз бен Хадиша анамыз, өзірет Әли мен бибі Фатима бір-бірінің бүкіл істеріне серік болған үлгілі отбасылар еді.

Әрине, әйел заты көп жағдайда үйде отырып, тарихшылар мен зерттеушілердің назарына азырақ түскені болмаса, әрбір тарихи жетістікке еркек-әйел бірдей үлес қосқан. Әріге бармай-ақ Қобыландыдай батырдың жанында Құртқаның, Алпамыспен бірге Гүлбаршынның есімдері есте қалғаны да ақиқат.

Ер адам мен әйел заты материалдық жағынан да, рухани тұрғыдан да бір-біріне мұқтаж. Бейнелеп айтқанда, олар бір алманың екі жартысы іспеттес.  Екі жарты бір бүтін болғанда ғана көңілдер тұрақ табады. Қасиетті Құранда ерлі-зайыптылар туралы былай делінеді: «Әйелдер сендердің киімдерің, ал сендер олар үшін киімсіңдер» («Бақара» сүресі, 187-аят)

 Бұл аят күйеу мен әйелдің бір-бірінің кемшілік-нұқсандарын жасырушы, күнәлі істерден сақтаушы, жетпегенін жеткізуші және араларындағы сыр-құпияларды сақтаушы жұп екенін білдіреді. Адамның үстіне жамылған киімі болмаса, қоғамда қалай өмір сүрмек? Киімсіз адам өзін дұрыс сезіне ала ма? Жалаңаш жүрудің ұят келтіретін жағы өз алдына, суықтан, ыстықтан, желден, бораннан да киім болмаса қорғану қиын. Міне, сол секілді шаңырақ көтерген жұбайлар да біріне –бірі рухани жамылғы. Біріне бірі пана, әрі қорғаушы. Жалғыздық, мақсатсыздық, дәрменсіздік те түсінген жанға қардан да, бораннан да ауыр тиеді. Сондай-ақ адам көркі шүберек дегендей, ерлі-зайыптылар да бір-бірінің сәні, әрі көркі. Ақын жазушылар ерлі-зайыптыларды айдында жүзген қос аққуға бекер теңемесе керек.

 Туған балаң жақсы болса – Тән мен жанның шырағы емес пе?! 
Мінген атың жақсы болса – Бұл дүниенің пырағы емес пе?! 
Алған жарың жақсы болса – Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе?!

Қазыбек би Келдібекұлы

   Отбасы және әйелдер бөлімі   

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
4-сыр: Өзара сыйластық
Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 
Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 
Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 
Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?
Вопросы ритуальной чистоты женщины
Особенности поста Рамадан для женщин: распространенные ошибки, советы на кухне
7 удивительных фактов о Хадидже - жене Пророка Мухаммада (мир ему)
Үйлендің, болды ма?
Медицина мұсылман әйелдерді қолдайды
Аз сөз – алтын…
Фертильные дни - дни возможного зачатия ребенка
10 вещей, которые не делает хороший муж
Мінсіз әйел болудың 10 жолы

 

 





 

0 пікір