Егер әйел еркектің назарына ілігу үшін сәнденіп, сыланып-сипанып серуенге шықса, ол қаңғыбаспен бірдей... (Хадис)
Егер әйел еркектің назарына ілігу үшін сәнденіп, сыланып-сипанып серуенге шықса, ол қаңғыбаспен бірдей... (Хадис)
05.04.2019 11:20
2908
0

Алла  Тағаланың әмірі мен тиым салғандарына бағыну ол құлшылық. Құран Кәрімде киім киюге байланысты Ағраф, Ахзаб, Нұр сүрелерінде хабар береді:

 «Ей Адам баласы! Шайтан ата-аналарыңныңұят жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп жәннаттан шығарған секілді, сендерге де сұмдық жасап жүрмесін».

 «Ей Адам баласы! Әрі құлшылық жасайтын кезде зейнеттеріңді киіңдер».

«Ей Пайғамбар! Әйелдеріңе, қыздарыңа және мұсылмандардыңәйелдеріне айт. Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың танылуларына, кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді».

«Некелесуден күдер үзіп, үйде отырған кәрі әйелдердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан сақтанса олар үшін әлдеқайда жақсы»деген.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)тағы бірхадисінде: «Егер бір әйел еркектің назарына ілігу үшін сәнденіп, сыланып-сипанып, серуенге шықса, ол қаңғыбаспен бірдей және оған қадалған көздер де сондай» делінген. Сонда мұнда ниеттің дұрыс еместігі басты назарда ұсталып отыр.  Дана халқымызда «Қыз қылығымен сүйкімді», – дейді. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген. Аналарымыз баланы жастан деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан  ана данышпан Абайды ғұсыл – дәретсіз емізбегені адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. «Қызың өссе, қызы жақысымен ауылдас бол», – дейді атам қазақ. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» демекші, көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретіні анық. 

 

0 пікір