Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр: Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр: Анық мақсат
23.04.2015 11:38
4298
0

     Отбасы құру жолында анық мақсат қоя білу өте маңызды. Анық мақсат оған жетудің, жүзеге асырудың бағытын белгілеп береді.  Отбасын құратын адам өмірлік серігін таңдаудың өзіне әу бастан мақсатты түрде кіріскені абзал.
     «Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай, Жігіті душар келсе, жар болғандай»,- деген екен Міржақып Дулатов. Бір-бірін дәл тапқан жас жұбайлардың алдына қойған мақсат-мүддесі мен арман-тілегі де бір болып келеді. Енді мақсатымыз қандай болуға тиіс?
     Қол ұстасып мұсылманша отбасын құруға келісім жасасқан екі жастың мақсаты да дініне, иманына қатысты болатыны түсінікті. Аллаға және ақиретке иман келтірген мұсылман жұртшылығы үшін қайталанбас үлгі-өнеге ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екені мәлім. Оның әрбір сөзі, қылығы, мінезі, жасаған шешімдері жүрегі Алла деп соғатын мұсылман үшін алтын қағида саналады. Міне, сол сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде былай дейді:

«Үйленіңдер, көбейіңдер! Мен сендердің көптіктеріңмен Қиямет таңында өзге қауымдардың алдында мақтанамын».

     Міне, бұл хадистің астарында өте терең мән жатыр.

Біріншіден, ананы-мынаны сылтауратып жүріп алмай, тезірек отбасын құруға асыққан жақсы.

Екіншіден, үйленген жастар ананы-мынаны желеу етпей, бала санының көп болуына мән беруге тиіс.

Үшіншіден, өсіріп-отырған ұл-қыздың тәлім-тәрбиесіне дұрыстап қараудың мәні зор. Өйткені, Пайғамбарымыз имансыз, тәрбиесіз, білімсіз, әдепсіз адамдармен Қияметте мақтанбайтыны түсінікті.

     Міне, осы бір хадис мұсылман отбасының алдына анық мақсат қоюына бағыт-бағдар беретіні анық. Ендеше, Алла Тағалам баршамызға дұрыс мақсатта құрылған отбасын нәсіп етсін.

 

 

Ұқсас материалдар

Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап

 Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ

 Үй болудың сабақтары.  2-сабақ

 Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)

 Үйлену - Алланың ұлы заңы

Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау

0 пікір