Әке мейірімі
Әке мейірімі
26.10.2015 10:36
8038
0

Бір әке баласымен жазаға тартылу үшін қазының алдына алып келінді. Қазы әкеге он дүре, балаға он дүре соғылсын, бірінші әкесінен бастаңдар деп үкім шығарды. Әкеге дүре соғылып жатқанда ешбір дыбыс шығармайды. Кезек балаға келіп әрбір қамшы баласына тигенде әкенің қиналған жан дауысы шығады. Сонда қазы әкесіне: «Өзіңе дүре соққанда бұдан қатты ұрдық, ол кезде үндемедің, енді балаңды ұрғанда байбалам салып бақырғаның қалай? - деп сұрады. Сонда әке: «Жаңа менің етіме ұрдыңыздар, ал енді бауырыма ұрып жатырсыздар, ауруына шыдай алмай жатырмын» -  депті.

 

0 пікір