Ажырасамыз, егер...
Ажырасамыз, егер...
14.10.2015 12:23
11279
0

       Жаңадан үйленген екі жастың қуаныштарында шек жоқ еді. Алайда бірнеше ай өткен соң-ақ екеуі түсініспей, жиі сөзге келіп қалатын болды. Отбасы деген ұғымның өздері ойлағандай болмай шыққанына түсінбей дал болды. Болмашы нәрселерге бола күнде ұрыс-керіс. Амалдары таусылған олар мәселенің шешімі ажырасуда деп ойлады. Бірақ бір-бірін жақсы көретін. Ажырасуды қаламайтын. Осындай күндердің бірінде ері келіншегіне: «Бақшаға бір ағаш отырғызайық. Егер ол үш айдың ішінде қурап кетсе ажырасамыз. Ал егер қурамаса одан әрі қарай түсіністікте, тыныштықта жаңа өмірді бірлесіп басқаша бастаймыз. Оған дейін екеуміз екі бөлмеде тұрайық. Келісесің бе?» - дейді. Келіншегіне де бұл ой ұнап, келісе кетеді. Екеуі ағаш отырғызады. Арада бір ай өтеді. Бір күні түнде екеуі бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толы шелек...

0 пікір