ӘЙЕЛІН ҰРҒАН АДАМ АЛЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕЛШІСІНЕ ДҰШПАН БОЛАДЫ...
ӘЙЕЛІН ҰРҒАН АДАМ АЛЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕЛШІСІНЕ ДҰШПАН БОЛАДЫ...
11.03.2020 10:56
446
0

Жақсы мұсылман жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болуы шарт. Құран Кәрімде: «Оларға жақсы, жылы мәміле таныт!» — делінеді. (Ниса сүресі, 13-аят)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

- «Мұсылман адам — жұбайының жаман мінезіне ашуланбасын! Оның жақсы мінезі де болады.» (Мүслим)

- «Әйел — әлсіз жаратылыс. Әлсіздіктерін үндемеумен жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін байқамаңдар!» (Ибн Лал)

- «Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі — мінезі ең жақсы болғаны, әйеліне ең жақсы, ең мейірімді түрде қараған адам.» (Тирмизи)

- «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы — әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болғаны. Сендердің араларыңда әйелінің алдында ең жақсы, ең қайырлы, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

- «Әйелін ұрған адамның қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған адам Аллаға және Оның Елшісіне дұшпан болады.» (Р.Насиһин)

- «Әйелдеріңді ренжітпеңдер! Олар Алла Тағаланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Мүслим)

- «Әйеліне күлімдеген жүзбен қараған еркектің дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р.Насиһин)

- «Әйелімен жақсы тұрып, қалжыңдасқан адамды Алла Тағала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И.Лал)

- «Әйелінің жаман мінездеріне шыдаған еркек, бәле-жалаға сабыр еткен Әййуб (Оған Алланың сәлемі болсын) сияқты марапаттарға қауышады.» (И.Ғазали)

- «Өз жегеніңнен әйеліңе де жегіз, өзің киінгеніңдей оны да киіндір, оған бетіңді тыжырайтпа, қабағыңды аспа және оны ұрма!» (Әбу Дауд)

- «Алланың құлдары болған әйелдерді ұрмаңдар!» (Ибн Мажа, Дарими)

 

0 пікір