ӘЙЕЛ – ҮЙДЕГІ ЫРЫСЫҢ...
ӘЙЕЛ – ҮЙДЕГІ ЫРЫСЫҢ...
05.10.2019 13:29
534
0

Күллі мадақ пен мақтаулар әлемдерді жаратып,бізді жоқтан бар еткен,шексіз нығметтеріне  бөлеген  Ұлы Жаратушы Алла Тағалаға тән.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дінді насихаттауды бастаған кезде әйелдер қауымы да оған өте көп қолдау көрсеткен. Мысалы, Пайғамбарымыздың әйелі Хадиша анамыз (р.а) исламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында сарп еткені белгілі. Хадиша анамыз (р.а) оның ең жақын сырласы, қолдаушысы болып, Алла елшісіне шәк келтірместен иман келтірді. Сол себептен де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ел менен теріс айналған кезде Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда мені алғашқы болып растаған сол еді», - деп, оны өмір бойы ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған.

 Қазақ әйелдеріне тән көркем мінездер мен өжеттілік қасиеттер ғасырларға жалғасын тапты. Қазақтың арқалы билерінің бірі Ескелді би:             

Әйел – үйдегі ырысың, 

Ұл – айбарлы қылышың.   

Қыз – түздегі  ырысың, 

 Келін – кеңейген тынысың. 

Қиындық көрсең де ғұмырдан, 

Табаның таймасын тұғырдан, -   дей отырып ежелгі заманнан бері адамзат тәрбиесінің арқауы болған әйел адамдардың шаңырақтың ұйытқысы екенін өлең жолдарымен жеткізген.                                                                                  

Нұх алейһиссаламның әйелі Уахилә еді.  Ол Нұх алейһиссаламның қауымына: «Күйеуім Нұх жынды,оған сенбеңдер!»,-деп келді. АлЛұт алейһиссаламның әйелінің есімі Уаилә еді.                           Ол да күйеуі Лұт алейһиссаламға келген қонақтарды дұшпандарына хабар беру үшін түнде от жағып, ал күндіз  түтіндіктен түтін шығаратын еді. Осылайша қауымы қонақ келгенін түсініп, жиналып, Лұт алейһиссаламның қонақтарына шабуылдауға тырысатын еді (Бәйдәуи).

Міне, елмен елді біріктіруші де араздастырушы да әйел екендігіннің бірден бір көрінісі.

Жақсы әйел жарының жақсылығын асырар,

Жамандығын жасырар.

 «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді»,  - дегендей бір ғана әйел заты, бүгін қыз, ертең келін, сосын ана, одан кейін ене, соңында әже деген атақ алады. Осылардың ішіндегі ең салмақтысы, жауаптысы ана атану, бала өмірінің қызығы, шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап сол баланың табанына кірген тікен,менің маңдайыма қадалсын деп жан ұшырады. Өмір әртүрлі тосын сыйларға толы бірде қуаныш, бірде қайғы,тұрмыс тауқыметін тарту осының барлығын әйел заты көтере білді.

Жаман әйел байына
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы әйел жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар, -  отбасына береке кіргізетін,жоқтан барды құраушы да әйел заты,сонымен қатар күйеуіне жайлылық сыйлайды.

Жақсы әйел
Жаман еркекті би етеді.

Жаман әйел
Жақсы еркекті құл етеді.

Жақсы әйел ер көңілін өсіреді,
Жаман әйел ер отын өшіреді.

 

«Ақмешіт» мешітінің ұстазы Қалдыгүл Белесқызы

 

 

0 пікір