4-сыр: Өзара сыйластық
4-сыр: Өзара сыйластық
06.05.2015 14:29
3840
0

 Бүгінде көптеген отбасылар шаңырақты ұстап тұратын негізгі ұстындардың бірі өзара сыйластық пен түсіністік екенін ұмыт қалдырады. Кейбір кісілер атамыз қазақтың «Қатынды бастан» деген мәтеліне арқа сүйеп, келіншегіне келген күннен бастап-ақ дөрекі сөйлеп, мінез көрсетіп, оның алдында өзінің «кім» екенін танытып қойғысы келеді. Әсілінде, бұл қате түсінік.

«Қатынды бастан» деген мәтелдің мәні де бетінде емес, түбінде жатса керек. Әйелді келген күннен бастап тәрбиелеуге, жаңа ортаға келуімен байланысты кейбір түсініспеушіліктерін дер кезінде түзетіп отыруға, өмірдің соңына дейін қосақтасып шаңырақтың түтінін қайтсек дұрыс түтетеміз деген дәрістерді әу бастан үйретуге шақыратын тамаша нақыл деп түсінсек де еш әбестігі жоқ. Керісінше, Құдайдың жөніне келетін іс те осы болмақ.

Қасиетті Құранға үңілсек, ерлі-зайптылардың арасына өзара түсіністік пен сыйластықты салушы Алла Тағаланың өзі екенін аңғарамыз. Сондай қасиетті аяттардың бірінде былай делінеді: «Оларға бауыр басып, жандарың жай табуы үшін сендерге өздеріңнен  жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салуы да Оның (сендерге деген махаббатының) белгілерінің бірі. Ой жүгірте білетін қауым үшін мұнда көп ғибрат бар» («Рүм» сүресі, 21-аят).

Көрдіңіз бе, жұбайларды жарататын да, олардың арасына сыйластық салатын да Алла. Сондықтан бұл нәрсеге жеңіл қарауға болмайды.

Атамыз қазақ әр нәрсенің мәйегі мен өзегін бір-ақ айтатын халық емес пе? «Ері әйелін сыйласа - ердің бақыт тапқаны, ерін елі сыйласа-әйел бақыт тапқаны» деген сөзді айтқан да өзіміздің қазақ. Түсінгенге бұл өте маңызды, астары терең сөз. Әйелі күйеуін қаншалықты сыйласа, оның үйіне келген меймандар да күйеуін қадірлейтін болады. Ал керісінше, жұрт бар-ау, үлкендер отыр-ау демей, бірінің бетінен бірі алып отырса, ондай үйді ешкім сыйламайды. Көргенсіздің үйі де қаралап кетеді. Сондықтан болар, тағы бір нақылда былай делінеді: «Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңді қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін».

Қысқасын айтқанда, мұсылманша мінезі бар, қазақы тәрбие көрген ерлі-зайыптылардың бірін-бірі қадір тұтуы бақытты болудың өте маңызды сыры.

 
 Ұқсас материалдар:  

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 

Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 

Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 

Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?

 

0 пікір