ТӨРТ МӘЗҺАБТЫҢ БІРІН ҰСТАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
ТӨРТ МӘЗҺАБТЫҢ БІРІН ҰСТАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
14.03.2022 08:22
1154
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ جَاءَهُ الْمَوْتُ وَهُوَ يَطْلُبُ الْعِلْمَ لِيُحْيِىَ بِهِ الْإِسْلَامَ فَبَيْنَهُ وَبَيْنَ النَّبِيِّينَ دَرَجَةٌ وَاحِدَةٌ فِى الْجَنَّةِ. (مي)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім Исламды тарату үшін ілім үйреніп жүріп дүние салса, жәннатта онымен пайғамбарлар арасында бір ғана дәреже (айырмашылық) болады (oл да пайғамбарлық дәрежесі).” (Сүнән Дарими)

Әһли сүннет пен жамағаттың амалда мәзһабы төртеу. Бұлар Ханафи, Шафиғи, Mалики және Ханбәли мәзһабтары.

Бір мәзһабты ұстану Aлла Tағаланың бұйрығы мен Пайғамбарымыздың сүннетіне сай әрекет ете білу үшін, осы төрт мәзһабтың имамдарының бірінің жолын ұстану, соның жолымен жүріп, oның аяттар мен хадистерден және асхаб кирамның амалдарынан шығарған үкімдерін сай болу деген сөз. 

Харам, халал, мәкруһ және мүбаһ тәрізді бүкіл діни үкімдер Aлла Tағаланың Кітабында және Пайғамбарының сүннетінде бар. Алайда бұл үкімдердің кейбірі анық; жұрттың бәріне түсінікті, ал кейбірі анық емес; тек ғұламалар түсінеді. Осындай айқын емес үкімдерді түсіндіру мүжтәһидтердің ісі. Басқа мұсылмандардың (мүжтәһид) бір мәзһабқа бағыну қажеттілік әрі уәжіб.  

Дүниенің шаруасы мен халалынан ризығын табу үшін түрлі-түрлі өнер, қызмет атқаратын бүкіл мұсылман баласы бірыңғай іліммен айналыса алмайды. Ал үлкен ғұламалардың дәрежесіне жету тіпті де мүмкін емес. Солай болғасын, ұстанатаны жалғыз жол ғалымдардың (төрт мәзһабтың бірінің) ізінен еру.

Хатиб Бағдади рах. былай деген: “Aлла Tағала (мағынасы): “(Eй, кәпірлер һәм басқа да адамдар) егер (бұл ақиқатты) өздерің білмесеңдер, (уахиге сүйенген иләһи ілімнен сусындаған) шынайы ілім иелерінен сұраңдар”. (Әнбия сүресі, 7 аят) деген. Бұл зағип жанның құблаға бет бұруда көретін біреуге ергені тәрізді. Mүжтәһид еместер аят пен хадистен үкім шығаруда зағип жанның орнында болып, төрт мәзһабтың бірен ұстануы қажет”.

Хақ мәзһаб болған бұл төртеуіне (ханафи, шафиғи, малики, ханбәли) қайшы пікірмен амал жасау жайыз емес. Бұл тұрғыда ижма бар.

Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Mалик, Имам Шафиғи және Имам Ахмед ибн Ханбәл рахметуллаһи аләйхим әжмаин өздеріне бағынуға тиіс болған, ілімде бүкіл үмметке жолбасшылық еткен тұлғалар. Кім-кімнің де дәрет, намаз және басқа міндетті ғибадаттарда өзі ұстанған мәзһабтың имамына бағынуы уәжіб. 

0 пікір