Төрт мәзһаб және олардың имамдары туралы
Төрт мәзһаб және олардың имамдары туралы
18.10.2016 16:42
3000
0

(Мекке қаласындағы Ислам Фиқһи Академиясының №9 шешімі)

   Алланың жалғыз Өзіне мадақтар болсын! Өзінен кейін ешбір пайғамбар болмаған, мырзамыз және пайғамбарымыз  Мұхаммедке салауаттар болсын! Амма багд: Рабитан Алами әл-Ислами жанындағы Ислам Фиқһи Академиясының кеңесі өзінің қасиетті Меккеде, 1408 һижри жылының 24-сафар, (1987-жылы 17-қазан) сенбі күнінен 28-сафар сәрсенбі (21-қазан) күніне дейін болып өткен оныншы жылдық жиналысында

-                    Мәзһабтар арасындағы фиқһи қарама-қайшылықтар,

-                    Кейбір мәзһабтардың ерушілері жағынан туындаған шектен шығушылық,

-                    Басқа мәзһабтарға әрі олардың ғұламаларына тіл тигізуге дейін барған сұрықсыз, қатып қалу мәселесі  қарастырылды.     Жиналыста: Қазіргі кездегі жастардың ойлары мен көкейлеріне қондырылып жатқан қарама-қайшылықтар төңірегіндегі мәмілелер жайлы мәселе талқыланды. Көбіне сол жастар бұл мәміленің мағынасын да, негізін де білмейді. Нәтижесінде кейбір адастырушылар: «Ислам шариғаты біреу болса, оның негізі Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың сүннетімен бекем болған болса, не үшін мәзһабтар қарама-қайшылық тудырады, не үшін олар бірікпейді, мұсылмандар неге бір мәзһабты және бір шариғи жолды ұстанбайды»,- көпшілікті жолдан адастыруға әрекет етеді.

Сондай-ақ жиналыста бір нәрсеге қатып қалу, әсіресе, бүгінгі күні пайда болған жаңа ижтихад жолын ұстануға шақырып жүрген, әрі Ислам үмметі ерте ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан ислами мазхабтарға және олардың ғұламаларына тіл тигізіп жатқан, адамдар арасында фитна (бүлік) салып жүрген қатерлі жаңа өрістер (ағымдар) жайында қаралды. Мәжіліс аталмыш мәселені, оның себептерін және одан туындайтын бүліктерді жан-жақты қарастырып, екі жаққа- «адастырушы» және «қатып қалушыларға» төмендегіні есекрту ретінде жолдауға шешім қабылдады:

Мұсылман елдеріндегі фиқһи мәзһабтар арасындағы кездесетін қарама-қайшылықтар 2 түрлі:

Ақида жайындағы сенімге қатысты талас-тартыстар.

Бұл іс бұрындары Ислам жұртына бәле-апаттар алып келген. Мұсылмандардың қатарын бұзған және бөлінуге әкеліп соқтырған ең үлкен қайғы. Ақида бойынша таласу-тартысу өте қатты өкінішке ұрындыратын және мұндай жасамауы уәжіп болған іс. Ислам үмметі Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәуіріндегі және әділетті халифалар кезеңіндегі тура және таза Ислам діні болған «Аһли сүннә уәл жамаға» мәзһабында бекем болуы шарт. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге менің сүннетімді және әділетті халифалардың сүннетін ұстану керек. Ендеше оны мықтап ұстаңдар» деп бұйырған.

Фиқһтағы кейбір мәселелерге қатысты талас-тартыстар.

Жағдайдың бұлай қалыптасуына ғылыми себептер бар. Бұл нәрседе Алла Тағаланың үлкен хикметі, пенделеріне деген мейірімі және шариғи дәлелдерден үкім шығаруға кең мүмкіншілік бар екенін түсінуге болады. Сондай-ақ, бұл нәрсе бір нығмет және фиқһи-заңды байлық болып, Ислам үмметін діни және шариғи істерде кеңшілікке жеткізеді. Сонда ғана шариғат бір жақты ғана болып, басқа мәзһабқа өтуге болмайтындай болып құрсауланып қалмайды. Қайта керісінше үммет кей уақыттарда және кей істерде фақиһ имамдардың мәзһабында таршылық болып жатса, басқа мәзһабта кеңшілік, ыңғайлылық және жеңілдік табылады. Аталмыш нәрсе ғибадатқа, сауда секілді қарым-қатынасқа немесе отбасы, не болмаса қылмыстық істерге, сондай-ақ өмірдің басқа да жайттарына байланысты болуы мүмкін.

   Мәзһабтардың арасындағы осындай фиқһи қарама-қайшылықтары бұл дініміздің кемшілігі емес. Өзінің толық фиқһи, ижтихадты тырысушылық және заңды жүйеге ие болған әрбір мәзһабтың фиқһи ижтихадында (тырысуларында) қарама-қайшылықтардың болмауы мүмкін емес.

Егер біз өткен тарихымызға үңілер болсақ, мұндай қарама-қайшылықтардың туындауы заңдылық екенін түсінетін боламыз. Себебі қолданыстағы негізгі дәлелдер көбіне бірнеше мағынаны қамтиды. Сондай-ақ дәлелдер болуы мүмкін барлық сүннеттегі жағдайларды қамти алмайды. Ғұламаларымыз айтқандай: «Дәлелдер шектелген, ал, жағдайлар болса шектеусіз». Олай болса, қиясқа жүгіну және үкімдердің әлсіздігіне, шариғаттың жалпы мақсатына назар салу және де жаңа оқиғалар мен жаңа пайда болған мәселелерде оның үкімін жария қылу дұрыс болады. Мұндай жағдайда ғұламалардың түсінігі және бірнеше мүмкіншілікпен бірін жоғары қоюы, сондай-ақ соған байланысты бір мәселе бойынша шығаратын үкімдер әртүрлі болуы заңдылық. Ғұламалардың әрқайсысы ақиқатты мақсат тұтады және оны іздейді.

Егер ғұламалардың қайсысы тура үкім берсе екі сауап, ал қате үкім берсе бір сауап алады. Міне, нақ осы жерде шешім шығаруда кеңшіліктің пайда болуын, ал шектеудің жоғалатынын көреміз.

Әуелде, айтқанымыздай мәзһабтар арасындағы қайшылықтарда тек ғана жақсылық пен Алланың рахметінен басқа ештеңе жоқ. Бұл нәрсе Алланың мүмин құлдарына деген нығметі мен мейірімі. Бірақ, кейбір мұсылман жастарымыз қайшылықтардың ара-жігін ажырата алмай шариғатымызда қарама-қайшылықтар бар деу де. Негізінде олай емес.

Мәзһабты ұстанбауға шақырып жүрген және адамдарды жаңа пайда болған ижтихад жолына мәжбүрлеуші және фиқһ мәзһабтары мен олардың имамдарын мойындамайтындарға келетін болсақ, біз оларға мынаны мәлімдейміз:

«Мазаларыңды қашырып жүрген мазһабтар мен олардың имамдарының артықшылығы -  мұсылмандарды  адасуға апаратын, олардың арасында талас- тартыс тудыратын лас нәрселерден қайтаруында.

Қазіргі таңда біз таласып тартысуға мұқтаж емеспіз, керісінше Ислам дұшпандарының қатерлі істерін ескеріп, сақтанып жүруге және оларға қарсы бірігуге мұқтажбыз».

Аса Жоғары Алла Тағалаға көп мадақ-мақтаулар болсын!

Сауд Арабиясының Бас Мүфтиі

 шейх Ибн Баз бастаған ғұламалар және Ислам Фиқһи Академиясы. Мекке қаласы. 1987 жыл

***

№3897- фәтуа. 1997-жыл

Мекке қаласы. «Мәжаллату әл Буһус әл-Исламия»

Алтыншы сұрақ:

       Төрт имамның (Әбу Ханифа, Мәлік, Шәфии, Ахмад Ханбал) арасындағы қарама-қайшылықтардың үкімі не?

Алтыншы сұрақтың жауабы:

Төрт имам арасындағы қарама-қайшылықтар олардың білімі мен таным-түсініктеріне байланысты, егер олар дұрыс үкім берсе екі сауап, қате үкім берсе бір сауап. Әл-Ауғази, Суфиан ас-Саури, Исхақ ибн Рахуай және басқа мұсылман ғұламалары да осыған ұқсас.

***

№4272-фәтуа. . 1997-жыл

Мекке қаласы. «Мәжаллату әл Буһус әл-Исламия»

Төртінші сұрақ:

Әрбір мазһаб имамының өзінен басқа мазһабқа қайшы келіп қалатынын білеміз. Олардың арасындағы қайшылықтар көбінесе кейбір кісілердің намазын тастап кетулеріне апарып соқтыруда. Осы мәселеге байланысты нақты да тұжырымды жауап күтеміз.

Төртінші сұраққа жауап:

  Төрт мазһабтың имамдары арасындағы кейбір мәселелерде қарама-қайшылықтың болуы олардың кейбіреуіне сахих хадистер жетпей қалуынан. Мұсылман адамға олар жайлы жақсы ойда болу уәжіп. Өйткені, олардың әрбірі муждаһид дәрежесіне жеткен. Олардың әрбірі қандай үкім берсе де, тура болса екі сауап, ал қате болса бір сауап. 

Ғылыми фәтуа берушілер:

Абдулазиз ибн Абдуллаһ ибн Баз,

Абдураззақ Әфифи,     Абдуллаһ ибн Ғадаян,

Абдуллаһ ибн Қағуд . «Мәжаллату әл Буһус әл-Исламия»

«Талас-тартыстар»

 

Шейх Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф (ҚМДБ. ИМБҚҚ)

0 пікір