ИМАМ БҰХАРИ (РАХ.)
ИМАМ БҰХАРИ (РАХ.)
31.08.2021 10:30
1201
0

 Абдулла бин Масғұд (р.а.) былай дейді: «(Бір мәселені) білетін кісі айтсын.  Білмеген: «Аллаһу әғләм» (Ең дұрысын Алла біледі) - десін. Өйткені, кісінің білмеген нәрсесіне; «білмеймін» - деп айтуы да, бір ілім». («Сахих Бұхари»)

Аты – Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Исмайыл әл-Бұхари. Мәуеренахрдың Бұхара қаласында дүниеге келгендіктен «Бұхари» деп аталған. Ислам ғалымдары оған хадис ілімінде «мүміндердің әміршісі» деген атақ берген. Хадис шәріптердің берік, жақсы жаттауда және Алланың кітабы мен Пайғамбарымыздың сүннетінің мағыналарын түсінуде одан басқа ешкім болмаған. Өйткені өткір ойлы, зерек, алғыр кісі еді. 

Ол жайында мынадай оққиға айтылады:

Имам Бұхари (раһ.) Бағдатқа келгенде хадис ғалымдары одан хадис тыңдайтын еді. Бір күні іштерінен кейбірі жиналып, Имам Бұхариді (раһ.) сынау үшін жүз хадис шәріпті таңдайды.

Бұл хадистердің мәтіндерін, риуаят етушілердің аттарын бір-бірімен араластырады. Араларынан он кісіге он-оннан хадис шәріп береді. Сол хадис шәріптердің дұрыс, бұрыстығын Имам Бұхариден дәріс алқасында сұра деп оларға ескертеді. 

Бағдаттан, Хорасаннан және көптеген елді-мекендерден келген қаншама адам Имам Бұхаридің дәрісіне қатысты.

 Дәріске бастарда жаңағы он кісінің біреуі өзіне тапсырылған он хадис шәріптің біреуін Имам Бұхариден сұрайды.

Хз. Имам «Білмеймін» деп жауап береді.

Сосын кейінгі хадис шәріпті сұрайды.

Оған да «Білмеймін» деп жауап береді.

 Сұрақтар әрі қарай жалғасып, Имам Бұхари сұралған он хадис шәріпке де «Білмеймін» деп жауап береді.

Сосын қалған тоғыз кісі де араластырған хадис шәріптерін біртіндеп сұрап шығады. Имам Бұхари барлығына «Білмеймін» деп жауап береді.

Мұны дайындағандар: «Шамасы ниетімізді түсініп қойды» дегендей бір-біріне қарады. Ал бұл айланы білмейтін басқаларының хз. Имам Бұхариге сенімі азайып, «білімі төмен екен» деп ойлай бастаған еді. 

Олар сұрақтарын бітірген соң хз. Имам Бұхари басынан бастап:

«Сенің алғаш айтқан хадис шәріптің дұрыс мәтіні, жеткізушісі мынадай, екіншісі мынадай...» деп жүз хадис шәріпті де мәтіндерін риуаят еткен кісілердің аттарымен бірге жеке-жеке айтып, түзетіп шықты. Мәжілістегі барлығы оның білімін және есте сақтау қабілетінің күштілігін мойындады.

 

0 пікір