Періштелерге иманның пайдалары мен әсерлері
Періштелерге иманның пайдалары мен әсерлері
23.06.2015 18:38
3391
0

 Әрқашан және әр жерде біздің қасымыздан бір елі ажырамайтын періштелерге иланған мұсылман өзі ғана оңаша қалған кездерде «Мені көріп тұрған ешкім жоқ, қалағанымды жасаймын» деп, бұзықылықпен айналыспайды. Өйткені қайда жүрсе де періштелердің қасынан қалмай, қарап, бақылап жүретінін, жақсылықтары мен жамандықтарын «амал дәптеріне» жазып жүргенін сезінеді. Осылайша, періштелерге иман бізді жаманшылық жасаудан аулақ етеді.

Бұлардан басқа бізді жаманшылықтан сақтап жүретін, жақсылық жасауға бағыттап отыратын періштелер де бар. Бұл дүниеде ізгілік пен әдеміліктің мысалы періштелермен, ал жаманшылық атаулы шайтанмен теңестіріледі. Жалпы, перішелерге иман мінез-құлқымыздың жақсаруына игі әсерін тигізеді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кісінің жүрегіне шайтан да, періште де бір нәрселер әкеліп салады. Шайтанның ісі жамандыққа шақыру, ақиқаттан алыстату. Періштенің ісі ақиқатқа, жақсылыққа шақыру және жаманшылықтан аулақ қашыру. Кімде-кім ішінен жақсы бір сөз сезсе, біліп қойсын, ол періштенің дауысы. Ондай кезде бірден сол дауысқа бағынып, айтқанын орындасын. Аллаға шүкіршілік жасасын. Кімде кім жүрегінде жаман бір дауыс естісе, біліп қойсын, ол шайттаннан.  Одан аулақ қашсын, одан Аллаға сыйынсын»

 

    Құлшылық энциклопедиясы  

Дін дегеніміз не?
Ислам діні
Иман негіздері
Алла Тағалаға иман
Аллаға қалай сену керек?  

Таухид деген не?
Періштелер қандай жаратылыс?
Үлкен періштелер мен олардың қызметтері

 

 

 

0 пікір