Мүжтәһид имамды тақлид ету және мүжтәһидтің мәзһабына еру дегеніміз не?
Бір жағынан ижтиһад дәрежесіне жетпегендердің мүжтәһид имамға ілесуден басқа жолы жоқ болуымен қатар, екінші жағынан мүжтәһидке ілесудің, оның мәзһабымен жүрудің қажет екендігін ол мүжтәһидтің адамгершілігі үшін немесе мүжтәһидтің бойында жақсы қасиеттері болғаны үшін жүру қажет деп ойламау керек.
Барлық адамдар Азиз және Хамид болған Алланың жолында жүрулері үшін жаһилдердің (білмегеннің) ғалымның етегіне, ал ғалымның да өзінен артық білетіннің етегіне жабысуы шарт болған.
Тіпті бұл шындық Расуллаға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ілесу мәселеліне де қатысты. Біз оған Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) болғаны үшін емес, Алланың әмірлерін таблиғ етуші болғаны үшін ілесеміз. Міне, сондықтан да «Сүннетке ілесу Құранға ілесуден де абзал» деп айтылмайды. Өйткені, Алланың сөзіне ілесу адамның сөзіне ілескеннен әлдеқайда артық.
Мүжтәһид имамдардың Расулланың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін адамдарға таблиғ етулері мен Расулалланың бұл сөздерімен не айтқысы келгенін түсінуге әрекет етудегі халдері — Расулалланың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла тарапынан түсірілген Құранды тәблиғ және түсінуге әрекет етудегі халіне ұқсайды.
Имам Шатиби біздің түсіндіруге әрекет еткен бұл мәселені «әл-Иғтисам 3/250» атты кітабында ең әдемі түрде түсіндіреді:
«Егер, адамдар шариғатты білген бір ғалымға ерсе және оның берген үкіміне ілесетін болса, бұл басқа себептен емес, тек бұл ғалымның шариғатты білгендігі және шариғатқа орай үкім бергені үшін ғана ілесу болады. Негізінде бұл ғалым Ұлы Алладан алғанын тәблиғ еткен Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келгендерін жеткізуші таблиғшілерінің бірі. Сондай-ақ, ол Расулалланың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тәблиғ еткен нәрсесін басым мағынада бір үкім үшін қойылуы тұрғысынан емес, өз білгенімен немесе бар күшімен шамалап, жорамалдағанынан қолға алып іске асырады. Өйткені, бұл тек Расулаллаға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсірілген шариғатта бар болып, ешкім негізгі мағынасын анық біле алмайды. Оны тек Расулалла біледі.
Олай болса, шариғи үкімдермен мукәлләф болған адамдар негізінен мынадай үш дәрежеде болады:
Мукәлләфтің шариғи үкімдерде мүжтәһид болуы. Бұл дәрежеде болғандар шариғи үкімдерде өз ижтиһадына орай амал етеді.
Мукәлләфтің жалпы шариғи білімдерден хабары жоқ муқаллид болуы. Мұндай адамдарға өздеріне бағыт-бағдар көрсететін жолбасшы, шариғи үкімдерді білдіретін, соңынан ерілетін әлбетте бір ғалымның болуы керек. Мұндай ғалымға тек шариғи білімдерді білетін адам болғаны үшін еріледі. Бір адамның дәрігер емес адамға өзін тапсыруы мүмкін болмағаны секілді, шариғатты білмейтіндердің соңынан еруі де мүмкін болмаған нәрсе. Сондықтан бір имамға немесе мүфтиге шариғи үкімдерді білгені үшін ілесу керек, болмаса пәленше-түгенше болғаны үшін емес. Бұған шәриғат тұрғысынан да ақыл тұрғысынан да ешқандай ихтиләф жоқ.
Мүжтәһид дәрежесіне жетпеген, тек дәлелдері мен олардың орнын білген, себеп және сол сияқты нәрселерді тексеріп, анықтағанда бұлардың арасында таңдау жасай алатын түсінік пен қабілетке ие болған адамдар. Бұл дәрежедегі адамдардың бір мәселедегі таңдауы немесе көзқарасы кейде құрметке ие болады, кейде болмайды. Егер біздер оның көзқарасына құрмет көрсетсек, ол адам бұл мәселеде тіпті мүжтәһид секілді қабылданады. Егер оның көзқарасы біздің көзқарасымызша құрметке лайық болмаса, онда бұл адам тіпті қарапайым адамдар дәрежесіне түскен болып саналады. Ал қарапайым адамдар болса тек мүжтәһид адамдарға, ғалымдарға ілесулері керек».
Шейх Мұхаммед Сәйд Рамазан әл-Бути
Қазақ тіліне аударған: Полатқожа Төре Хан Үсенұлы,Tamshy.kz