Кәпір ме, әлде?..
Кәпір ме, әлде?..
10.11.2015 12:23
4190
0

Имам Ағзам қатысып жатқан бір жиналыста біреу: «Бір адам бар екен, жәннатты қаламайды, жәһаннамнан қорықпайды, өліктің етін жейді, рүкуғсіз, сәждесіз намаз қылады, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, фитнәні жақсы көреді, хақты қаламайды (тілемейді), бұл адам кәпір ме, әлде мүмин бе?» деп сұрақ қойды.

Жиналыста отырғандардың бәрі бірауыздан: «Бұлар – кәпірдің сипаттары, мұндай адам кәпірдің дәл өзі», - деп айтты. Имам Ағзам үндемеді. Адамдар: «Ия, Имам, сіз не дейсіз?» - деп сұрады. Имам Ағзам: «Бұлар мүминнің сипаттары, мұндай адам мүминнің дәл өзі», - деді. Адамдар қарсылық білдіріп: «Ия, Имам, мұныңыз қалай, мүмин жәннатты қалап, жәһаннамнан қорықпайды?» - деді.

Имам оларға барлығын да түсіндірді; «Шын [саналы] мүмин жәннатты қаламайды, Иесін – Алланы [көруді] қалайды, жәһаннамнан қорықпайды, Иесінен қорқады, өлі ет дегені балықтың еті – оны әркім-ақ жейді, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, өйткені Алланы көрмейді, бірақ та шын сенеді, рүкуғсіз, сәждесіз қылған намазы – жаназа намазы, фитнәні жақсы көреді, өйткені одан жақсы мал мен бала-шаға (Құранда мал мен бала-шаға мүминдер үшін фитнәні жақсы [яғни, емтихан] екені туралы білдірілген), хақты қаламайды (тілемейді), өйткені хақтан мақсат өлім, мүмин болса өлімді мақсат қылмайды».

0 пікір