Ислам діні
Ислам діні
30.04.2018 16:36
23244
0

 

Ислам діні және өзге діндер

 

 Ең алғаш жаратылған өзекті пенде Адам (Оған Алланың сәлемі болсын) атамыз әрі әуелгі адам, әрі пайғамбар болды. Адам баласының алғашқы діні де ақиқат, хақ дін болды. Адам пайғамбардан ең соңғы елші, ардақты Мұхаммед Пайғамбарымызға (с.ғ.с)  дейін келген барлық пайғамбарлар адамдарға Алла – жалғыз екенін түсіндіріп, Аллаға қалай құл болу керектігін үйретіп өткен. Алайда ең соңғы Пайғамбар хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с)  кезінде  бұрынғы пайғамбарлар насихат жасап кеткен имани құдылықтар мен діни үкімдер адамдар тарапынан өзгеріп, бұзылып, жер беті рухани қараңғылық құрсауына енген болатын. Міне, осы қараңғылықтан адамзат баласын құтқарудың анық зәрулігі туды. Сол кезде Жаратушы иеміз Алла Тағала ең соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) арқылы жер бетіне ең соңғы, кәміл, иләһи дін Исламды жіберді. Бұл ақиқатты Ұлы Алла қасиетті Құранында былай деп баян етеді: «Алланың құзырындағы дін, шүбәсіз, Ислам» («Әли-Имран» сүресі, 19-аят). Бұл аят Исламнан өзге діндер Алланың құзырында қабыл емес деген мәнді білдіреді. Пенделердің ақыл-ойы араласып кеткен өзге сенім жүйелерінің адам баласына дін ретінде пайдасы тимейді. Бұл ақиқат та Құранда былай деп баян етілген: «Кім де кім Исламнан өзге дінге ұмтылса, одан, әсте, қабыл етілмейді. Ондай адам ақиретте де қасіретке ұшырайды» («Әли-Имран» сүресі, 85-аят).

 

Ислам діні тұп-тура Алла құзырынан түскен күйінше, бұзылмай, бүлінбей, сол қалпында бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұдан кейін де осы ерекшелігі сақталады. Ендеше, Ислам – Алланың дәргейінде қабыл болатын жалғыз дін.

 


Дін Исламның ерекшеліктері 

 

Хазрет Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) тарапынан насихат етілген Ислам – ең соңғы дін. Одан кейін дүниеге ешбір дін келмейді. Исламның үкімі Қияметке дейін жалғасып барады.

 

Ислам – бүкіл жаһандық дін. Бұрынғы пайғамбарлар белігілі бір қауымға ғана келген болса, Ислам діні жер бетін мекен еткен барша халықтарға жалпылай жіберілген.

 

Исламның үкімдері адамның рухани, материалдық бүкіл қажеттіліктерін толық өтей алатындай кемел. Сондықтан басқа дінге қажеттілік тумайды.

 

Ислам діні өзінен бұрын Алладан түскен өзге хақ діндерді бекітіп, мақұлдап түскен. Бірақ одан бұрынғы кітаптардың әкелген үкімдері жойылған. Ислам келгеннен соң оларды қолдануға болмайды.Өйткені олар жекелеген белгілі бір халықтарға арналып жіберілген болатын. Ал Ислам бүкіл дүниенің халықтарына түгел арналған.

 

Құлшылық энциклопедиясы

 Дін дегеніміз не?
Ислам діні
Иман негіздері
Алла Тағалаға иман

0 пікір