Имам Әбу Ханифаның еңбектері
Имам Әбу Ханифаның еңбектері
06.04.2015 10:29
2548
0
"Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы" кітабынан

1. Әл-Фиқһул-әкбар

Ең үлкен фиқһ деген мағынаға саятын бұл кітап – әһлу-суннаның ақидасын қамтыған сан салалы еңбек. Осы кітабында төрт халифа тұсындағы шынайы Ислам рухын көрсете білгендіктен, Имам Ағзамды мужәддид деген ғалымдар да болған.

2. Әл-Фиқһул-әбсат

Әбу Ханифаның өз кіндігінен тараған ұлы Хаммад, шәкірттері Әбу Юсуф пен Әбул-Мутғи әл-Хәкәмның риуаяттарымен жеткен ақидаға қатысты кітап.

3.   Әл-Алим уәл-мутааллим

Әһлу-сунна ақидасын түсіндіріп, қорғау мақсатында сұрақ-жауап түрінде жазылған кітап. Оны шәкірті Әбу Муқатил Хафс ибн Сәләм әс-Самарқанди жеткізген.

4.   Әр-Рисәлә

Әбу Ханифа Басраның қазысы Осман әл-Баттиға арнап жазған бұл шығармасында ақидаға қатысты мәселелерде өзіне айтылған сыни пікірлерге жауап берген.

5. Әл-Уәсия

Әбу Ханифаның баласы Хаммадқа, шәкірттері Әбу Юсуф (ө 182/793) және Юсуф ибн Халид әс-Сәмти мен достарына арнап жазған рисәлалары (шағын кітапшалар) бар[1].

6. Муснәду-Әби Ханифа

Әбу Ханифаның фиқһ дәрістерінде қолданған хадистерін шәкірттері жинастырған кітап. Кейбір деректерде ол «Китабул-әсәр» деп те аталады.

7.   Әл-Қасида әл Кәфия ән-Нұғмания фи мәдхин-Нәби

Пайғамбарымызға арналып жазылған мадақ жыры.

8.   Мужәдәлә ли әхәдид-Дәхриин

Дәхри, яғни, құдайдың бар екенін мойындамайтын атеистпен пікірталасын қамтыған кітапша[2].

[1] Осылардың ішінде «әл-Уасия» қазақ тіліне аударылды. Қараңыз: Қ. Жұмағұлов // Имам Әбу Ханифаның өсиеті, Ислам және өркениет газеті, №10 (226), 1-10 сәуір, 2011, 6-б.; Ақидаға қатысты кітаптары мен қолжазба нұсқаларына қатысты кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Беязизаде Ахмет Эфенди, Имам-ы азм Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, баспаға дайындап аударған І. Челеби, Стамбул, 2000, 26-34-б.
 [2] Кітаптарының мазмұнына қатысты кең көлемді мәлімет алу үшін қараңыз: Беязизаде, Имамы Азам Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, 25-37; Сахабеден гүнүмүзе Аллаһ достлары, 4-т., 302-307-б.

 

Ұқсас материалдар

Имам Ахмад ибн Ханбәл жайлы ғалымдар пікірі

Имам Малик ибн Аббас жайлы ғалымдар пікірі

Әбу Ханифа жайлы ғалымдардың пікірі

Имам Шафии жайлы ғалымдар пікірі

Имам Ағзам Әбу Ханифаның ұстаздары

Имам Әбу Ханифаның еңбектері

Танымал шәкірттері

 

0 пікір