Имам Әбу Ханифа жайлы ғалымдардың пікірлері
Имам Әбу Ханифа жайлы ғалымдардың пікірлері
10.11.2016 11:30
3046
0

1. Меккелік Ибн Ибраһим (Имам Бұхаридың ең ұлы ұстаздарының бірі) айтты: «Әбу Ханифа – өз заманының ең білгірі еді».

2. Ибн Мубарак риуаят етеді: «Мен Хасан ибн Амараны көрдім. Ол Әбу Ханифаның атын жетектеп бара жатып, былай деді: «Аллаға серт, біздің арамызда фиқһ ілімінде сенен асқан қысқа әрі нақты жауап беретін ешкім болмады. Расында сен – өз заманының ең мырзасысың. Сен жайлы тек көре алмаушы жаман сөз сөйлейді».

3. Мұхаммед ибн Саламадан риуаят етіледі. Халаф ибн Ақоб айтты: «Ілім Алла Тағаладан Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  берілген, кейін сахабаларына, сосын табиғиндерге, содан кейін Әбу Ханифа мен серіктеріне берілген».

4. Хатиб Мұхаммед ибн Сағдтан жеткізді: «Мұсылман үмметіне намазда Әбу Ханифаға дұға ету уәжіп болады».

5. Хатиб Мұхаммед ибн Бишриден (сиқа, хафиз) жеткізеді. Ол Әли ибн Маданиден және Исхақ ибн Рахауайхтан жеткізеді. Әбу Дәуід (Куфадағы ең үлкен хафиз, Әбу Ханифаның шәкірті ) : «Мен Әбу Ханифаға және Суфиянға баратын едім. Әбу Ханифаның алдына барғанымда «Қайдан келдің?» деп сұрады, мен Суфиянның алдынан келгендігімді айттым. Ол айтты: «Егер Алқо мен Асуад екеуі келсе, Суфиян секілді кісіге мұқтаж болады, сен сондай кісінің алдынан келдің». Суфиянға барғанымда ол да қайдан келгенімді сұрады, «Әбу Ханифаның алдынан» дегенімде, Суфиян: «Расында сен жер бетіндегі ең фақиһ кісінің алдынан келіпсің»,-деді». Суюти. (Табидус сохифа 16-17).

6. Мұхаммед ибн Музахим: «Мен ибн Мубарактан естідім: «Егер Алла Тағала Әбу Ханифа мен Суфиян секілді кісілермен жолықтырмағанда, мен басқа (қарапайым) кісілер секілді болатын едім»,-деген.

7. Робиғ Хармала: «Біз Шафиғиден естідік: «Адамдар фиқһ ілімінде Әбу Ханифаға қарыздар».

8. Әбу Нағим (Әл-Фадлу ибн Зукайм – Бұхаридың ұстазы) былай деген: «Әбу Ханифа фиқһ мәселелерінде өте терең болатын».

9. Яхия ибн Мағин айтты: «Алла үшін рас айтамыз, біз Әбу Ханифаның ойынан асқан ойды естімедік, біз оның көптеген сөздерін алдық».

10. Ибн Мағин: «Қоттан Куфаның сөзін алатын еді»,-деген. «Таһзибут таһзиб» кітабында келген.  

Абышов Аскен

maturidi.kz

0 пікір