Ханафи мазһабы бойынша Ислам дінін тастап, басқа дінге өтіп кеткен адамға жаназа оқылады ма?
Ханафи мазһабы бойынша Ислам дінін тастап,  басқа дінге өтіп кеткен  адамға жаназа оқылады ма?
10.11.2016 13:53
519
0

Сұрақ : Ханафи мазһабы бойынша  Ислам дінін тастап, басқа дінге өтіп кеткен адамға жаназа оқылады ма?

Жауап : Мұндай кісілер муртад делінеді. Ондай адамға жаназа оқу, мұсылмандардың қабірстанына жерлеу рұқсат етілмеген. Және «муртад адамға жаназа оқуға болады» — деп айтқан кісі де, діннен шығып кетеді және некесі бұзылады. Мұндай адам қайта иман келтіріп, некесін жаңалауы қажет.

الصَّلَاةُ عَلَى الْجِنَازَةِ فَرْضُ كِفَايَةٍ … وَشَرْطُهَا إسْلَامُ الْمَيِّتِ

«Мәйітке жаназа оқу парыз кифая. Оның шарты – мәйіт мұсылман болуы ». 1

واذا مات اوقتل على ردته لم يدفن فى مقابر المسلم ولا اهل ملة

«Егер кісі муртад (діннен шығып) өмірден өтсе, мұсылманның да , кітап иелерінің де (христиан, яхудей) қабірстанына жерленбейді». 2

1.Фатауа әл-Хиндия

2. Әл-Ашбах ән-Назаир

   Мұрат Әбу Ахмад agzam.net

0 пікір