Анық жауап
Анық жауап
10.11.2015 10:47
2416
0

Әбу  Ханифа  фиқһ  ілімінің  жетік  маманы  болған кезінде,  дініміздің  көптеген  келелі  мәселелеріне байланысты сұхбаттарға  да  қатысатын.  Бірде ол  мешітте  отырғанында   қарулы  харижиттер (суниттерге  қарсы  топ  өкілі)  үстіне  баса-көктеп кіріп,  сынау  үшін  оған: «Босағада  екі өлік  жатыр. Бірі  арақтан  өлген  ер  кісі,  екіншісі  зина  жасап қойып,  сонысы  үшін  ұялып  асылып  өлген  әйел. Бұл екеуіне  қатысты  не  айтар  едіңіз?», – деп  сұрайды. Харижиттердің сенімі бойынша, үлкен күнә жасаған кісі кәпір саналып, мәңгілік тозаққа түседі.

Ол  кісінің  ниет-пиғылын  бірден  түсінген  Әбу Ханифа: – Ол екеуі яһуди ме, әлде христиан ба, не пұтқа  табынушы  ма?  Мұның  қайсысы? –  деп  қарсы сұрақ қояды.

– Олардың ешқайсысы да емес.

– Сонда қай үмбеттен?

– Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі дейтін қауымнан,– деп жауап берген харижиттерге.

– Куәлік  кәлимасы  иманның  үштен,  төрттен  яки бестен бірі ме? – деп тағы сауал қояды.

– Иманның ондай үштен де, төрттен де, бестен де бірі болмайды. Ол бөлінбейді.

– Иманның қаншасы сонда?

– Тұтасы.

– Ендеше,  жауабын  өздерің  бердіңдер.  Олардың мұсылман екенін айттыңдар.

–  Сен  мұны  қой.  Олар  жәннаттық  па,  әлде жәһәннәмдық  па?  –  деп  харижит  сүріндіру  үшін сұрақты бастырмалата бастайды.

– Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар мүшріктерге: «Ей, Алла! Маған  бойсұнғандар  мен  қарсы  шыққандарға Сен кешірімді әрі рақымдысың», – деп дұға етті. Иса (ғ.с.) пайғамбар: «Ей,  Алла!  Егер  оларды  азапқа  салсаң, олар Сенің құлдарың, егер кешірсең, Сен мейірбан әрі рақымдысың»,–деді.  Иманды  жандарды  қудалауға себеп те, негіз де жоқ», – деп түйіндейді өз жауабын Әбу Ханифа. Сөзге тоқтаған харижиттер қаруларын тастап, мешіттен шығ

0 пікір