әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 2
әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 2
21.09.2019 14:35
1999
0

 

واللهُ تعالى واحدٌ لا مِنْ طريقِ العددِ، ولكنْ من طريقِ أنهُ لا شريكَ لهُ، لم يَلِدْ ولم يُولدْ، ولم يكنْ لهُ كفُوًا أحَد

 لا يُشبِهُ شيئًا مِنَ الأشياءِ مِنْ خَلقِهِ، ولا يشبِهُهُ شىءٌ مِن خلقِهِ، لم يزلْ ولا يزالُ بأسمائِهِ وصفاتِهِ الذاتيةِ والفِعليّةِ

 

Имам Әбу Ханифа былай дейді:

«Аллаһ жалғыз. Бірақ сан жағынан емес, теңдесі/ұқсасы болмауы жағынан, тумаған және туылмаған болуы және оған ешбір нәрсенің тең келмеуі жағымен жалғыз әрі тек-дүр. Аллаһ жаратылыстардан еш нәрсеге ұқсамайды, мақұлуқтардан да еш нәрсе де Оған ұқсамайды.
Аллаһ Тағала есімдері, заты және фиғли сипаттарымен әрдайым бар еді (ежелден) әрі бар болады (мәңгілік бақи).

Ашықтау:  Имам Әбу Ханифа, іргелі иманның негіздерін (6 негізді) атаған соң Аллаһқа иман мәселесін ашықтады. Соған орай:
А - Аллаһ жалғыз/дара: Тәухид сенімі бір Аллаһқа сену деген сөз. Алғашқы кісі Адам ата мен бірге адамзат баласының біліп сенетін иман негіздері осы. Содан соң адам баласының кейбіреуі Аллаһты ұмытып және елшілерінің сүннет жолдарын тастай бастады. Дінге деген сезімталдықтары азайып, ахлақсыздық белең алды. Жақсы көретін әрі өздері құрмет тұтатын адамдарын тәңір көре бастады. Жаңа құлдықханалар соғып оның іштерін пұттармен толтырды. Сосын Аллаһ қайта елші жіберді. Тәухид сенімі шыт жаңа түсіндірілді. Барлық елшілер жанын салып тәухид сенімін жеткізуге ат салысты. Тіпті Жақып елші өлім ауызында балаларынан: «Мен өткен соң кімге құлдық етесіңдер?» деп сұрады. Олар да: «Сенен соң біз мұсылман күйде аталарың Ибраһим, Исмағил және Ысхақтың Иләһі болған жалғыз Иләһқа құлшылық жасаймыз» деді (Бақара сүресі, 33 – аят). Осылайша тарихи кезең, таухид және ширк күресі болып дөңгелей берді. Кенже елші әз Мұхаммед және кенже кітап Құранмен қайта бір рет ұмытылмастай етіп Тәухид сенімі жаңадан соңғы рет айтылды. Қияметке дейін Исламның қалың үні: Аллаһ жалғыз/дара болып қала бермек.
Ә - Аллаһтың жалғыз болуы сан жағынан емес. Ол, ортағы және ұқсасы болмауы жағыменен жалғыз. Өйткені барлық нәрсені Аллаһ жаратқан. Жаратылыс атаулының түгелі өлімнің дәмін татады және өткінші жалған. Аллаһ Тағала жаратқандарының үрім-бұтағы түгесіліп кетпеуі үшін (туу/туғызу) жүйесін жаратқан. Ал Өзі болса әуелден бар әрі мәңгі бақи. Ешбір нәрсе Оған ұқсамайды.

Құранда Тәухид сенімі былайша түйінделген:

«Ол Аллаһ жалғыз. Аллаһу самәд (еш нәрсеге мұқтаж емес). Ол тумаған әрі туылмаған. Ешбір нәрсе Оған тең емес деп айт» (Ықылас сүресі 1-4 аяттар).

Б – Аллаһ заты және сипаттары мен де тек/дара. Ежелден бар және мәңгі бақи. Сосын Имам Ағзам әл-Фиқһул Әкбарда бұл мәселені ашықтайды. Ол кісінің қаламға алған осы тұңғыш ақайд мәтінінде; һәм бір мұсылманның білуі және сенуі қажет болған иманға қатысты ІРГЕЛІ НЕГІЗДЕР қамтылуда, һәм сол кезеңдегі адасушыларға да сыбаға жауаптар берілуде. (Бұл келесі сабақта ашықталатын болады).

Қорыта айтсақ, әрбір ғасырда мұсылмандардың жолдан таюын бөгейтін үш іргелі ілім бар. Ақайд, фиқһ және тасаууыф. Сүннет (Әз елші және сахабалар жүзеге асыруы), аталмыш үш ілім мен бірге жүйелі түрде бізге дейін толық жеткен. Өйткені үш ілімде мужтәһид имамдар арқылы келген болатын. Сүннетті ең жақсы білетін әрі ілім тезінен өткізген осы имамдар еді.  Ал имамдардың төрінде де Имам Ағзам Әбу Ханифа келеді. Имани және амали мәселелердегі сүннетті егжей-тегжейлі толық бізге тұңғыш жеткізген сол кісі еді. Сондықтан Имам Шафиғи: (الناس عيال على أبي حنيفة في الفقه) «Адамдар фиқһ саласында Әбу Ханифаның балалары болып саналыды» деген. (Миззи, Тәһзибул-Кәмал, 29/433, Ибн Хәжар, Tәһзибут-Tәһзиб, 10/402; Ибн Асәкир, Tарихуд-Диашқ 60/116).

Адам баласын шайтаннан қорғайтын ілім фиқһ болып табылады: Абдулқадир Жәйланидің айтуы бойынша, бірде көк аспанды толтырған үлкен бір нұр көреді. Сол жерден бір бейне шығып былай деп тіл қатты: «Әй, Абдулқадир! Арам нәрселерді саған алал еттім». «Абдулқадир: «Құрт көзіңді, ләғнат шәйтан» дегенде,  ол нұр қараңғылыққа және бейне де тұманға айналды. Сосын былай деп үн қатты: «Әй Абдулқадир, Аллаһтың үкімімен қатысты ілімің және фиқһтың себебімен менен құтылдың. Әйтпегенде осылайша мен әһлі тариқтан жетпіс кісіні адастырған болатынмын».

Содан кейін Абдулқадир Жәйланидан: «Оның шәйтан болғанын қалай білдің? Деп сұрағанда, ол кісі: «Арам нәрселерді саған алал еттім» деуінен (оның шәйтан екенін түсіндім)» деді. (Шәрани, әт-Taбақәтул-Кубра, 183 б.). Өйткені ешбір барлық Аллаһтың харамдарын алал ете алмайды. Бұл адасушылықтан құтылу, іліммен яғни фиқһпен ғана болады. ілімсіз/фиқһсыз тасаууыф, адам баласын шәйтаннан қорғай алмайды. Ақайд, фиқһ және тасаууыф бірін-бірі толықтыратын үш іргелі ілім болып табылады.

«Мұса мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

0 пікір