әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері –03
әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері –03
07.11.2018 10:53
352
0

 

قال الامام ابو حنيفة 
أما الذاتيةُ: فالحياةُ والقدرةُ والعلمُ والكلامُ والسمعُ والبصرُ والإرادةُ
وأما الفعليةُ: فالتخليقُ والتـرزيقُ والإنشاءُ والإبداعُ والصنعُ، وغيرُ ذلكَ من صفاتِ الفعلِ. لم يزلْ ولا يزالُ بصفاتِهِ، وأسماؤُهُ صفةٌ لهُ، لم يحدُثْ لهُ صفةٌ ولا اسمٌ. لم يزلْ عالـمًـــا بعلمِهِ، والعلمُ صفتُهُ في الأزلِ. قادرًا بقدرتِهِ، والقدرةُ صفةٌ لهُ في الأزَلِ. وخالِقًا بتخليقِهِ، والتخليقُ صفةٌ لهُ في الأزلِ. وفاعلاً بفعلِهِ، والفعلُ صفةٌ لهُ في الأزلِ، والفاعلُ هوَ اللهُ تعالى، والفعلُ صفتُهُ في الأزلِ، والمفعولُ مخلوقٌ، وفعلُ اللهِ تعالى غيرُ مخلوقٍ، وصفاتُهُ في الأزلِ غيرُ محدثةٍ ولا مخلوقةٍ، فمن قالَ إنها مخلوقةٌ أو محدثةٌ أو وقفَ أو شكَ فيها فهوَ كافرٌ باللهِ

 

 

Имам Әбу Ханифа былай дейді:

«Аллаһтың зати сипаттары; Хаят, Құдрет, Ілім, Кәлам, Бәсар және Ирадә.

Фиғли сипаттары болса, Тахлиқ (жарату), Тарзиқ (ризық беру), Иншә (жасау), Ибдәғ (бар ету) және Сұнғ (Пайда болдыру) әрі басқада фиғли сипаттар жатады. Аллаһ, сипаттары және есімдерімен әзәли және мәңгі бақи... »

Ашықтау:

Имам Ағзам бұл бөлімде тәухид сенімін ашықтауды жалғастырыра түсіп, Аллаһқа иман (Тәухид сенімі), Оның затының және сипаттарының әуелден бар және мәңгі бақи, теңдессіз және ұқсассыз болғанына шынайы сенумен ғана жүзеге асады деуде.

Аллаһтың затын насс(Құран сүннет) тарда келген сипаттары және есімдерімен тани аламыз. Имам Әбу Ханифа Құран, сүннет және сахабаның толық түсінігі төңірегінде Аллаһтың сипаттарын бізге жүйелі түрде жеткізген тұңғыш мужтаһид имам.

Аллаһтың сипаттары екіге бөлінеді: а-Зати сипаттар, ә-Фиғли сипаттар.

Одан соң осы тақырыпта еңбек жазған Имам Ахмед, Матуруди және Әшғари сынды ғалымдар да жалпы осы жүйені жалғастырған.

А – Аллаһтың зати сипаттары: Қарама-қайшы мағынасы Аллаһ үшін мүмкін емес болған сипаттар. Олар: Хаят, Құдрет, Ғилм, Кәлам, Сәмиғ, Бәсар және Ирадә сипаттары еді. Хаяттың қарама-қайшы мағынасы өлу, Құдреттікі әлсіз-күшсіздік,  Ғилмдікі надандық, Сәмиғ және Бәсардыкі саңырау және соқыр болу, Ирадәнікі де қаламау... Осы қарама-қайшы сипаттар Аллаһ үшін мүлдем мүмкін емес (мухал). Аллаһ тірі, барлық нәрсеге толық күші жетеді, барлық нәрсені анық біледі, естиді және көреді, барлық нәрсені қалайды әрі ешкім Оны бұдан тия алмайды.
Ә – Аллаһтың Фиғли сипаттары: Бұл сипаттар Аллаһтың фиғлдарына қатысты. Қарама-қайшы мағынасы да Аллаһ үшін мүмкін болып табылады. Олар: тахлиқ, тәрзиқ, инша, ибдағ және сұнғ және де басқа фиғли сипаттар. Осылардың кері мағыналарын Аллаһ үшін қолдана береміз. Мінекей: Жарату-жаратпау, ризық беру-бермеу, азаптау-азаптамау деген секілді. Имам Матуруди, фиғли сипаттарды Тәкуин (болдыру) сипаты мен толықтаған еді. (қар.з. Алиюл-Қари, Шәрхул-Фиқһул-Әкбар, 53-63; Матуруди, Китабут-Tәухид; ДИА, Сипаттар; Исламда Иман Есаслары, Хейет, ДИВ. Иайынлары).

Аллаһтың заты және сипаттары; Ежелден бар және мәңгі бақи, теңдессіз әрі ұқсассыз.

Имам Ағзам, Аллаһтың сипаттарын атаған соң былай дейді:

«Аллаһ, сипаттары және есімдерімен әуелден бар және мәңгі бақи. Ол ілімімен әрдайым біледі, ғилм Оның ежелден бар сипаты. Ол құдретімен үнемі күшті құдретті. Құдретте Оның ежелден бар сипаты. Кәлам сипатымен тілдеседі, Кәламда Оның ежелден бар сипаты. Тахлиқ етуімен әрдайым жаратушы және жарату Оның ежелден бар сипаты. Фиғлімен әрдайым жасаушы және жасау Оның ежелден бар сипаты. Жасаушы Аллаһ-дүр, фиғл Оның ежелден бар болған сипаты. Жаратылған нәрсе махлуқ болып табылады. Аллаһтың фиғлі жаратылған емес. Аллаһтың ежелден бері бар сипаттары жаратылған және кейіннен пайда болған болып табылмайды, олай айтылмайды. Аллаһтың сипаттарын жаратылған және кейіннен пайда болған десе немесе осы мәселеде шешім шығара алмаса немесе күдіктенген кісі Аллаһты жоққа шығарып діннен шыққан болып саналады».

Біз Аллаһтың заты және сипаттары; ежелден бар және мәңгі бақи, теңдессіз әрі ұқсассыз екендігіне иман келтіреміз.

 «Мұса мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

0 пікір