Адал табыс
Адал табыс
14.11.2015 09:37
5332
0

Негізі  Әбу Ханифа саудамен күн көретін әжептәуір ауқатты бір адам еді. Бірақ, іліммен айналысқандықтан сауда жұмыстарын көмекшісі арқылы жүргізетін, өзі де жасалған сауданың адалдың шеңберінде болған-болмағандығын бақылайтын. Ол туралық пен адалдық тұрғысында өте ұқыпты да қатал болатын. Бір жолы құрдасы Хафс ибн Абдұррахманды мата сатуға жіберіп оған:

«Ей, Хафс! Тауарда мынадай кемшіліктер бар. Сол үшін мұны тұтынушыға осыншама арзанға сат!» - деген еді.
Хафс да тауарды Имамның белгілеген бағасына сатқанымен, ондағы кемшілікті тұтынушыға айтуды ұмытып кеткен болатын. Ал бұл жағдайды білген Әбу Ханифа әлгі Хафсқа
«Матаны алған адамды танисың ба?» - деп сұрайды.

Алайда, Хафс ол тұтынушыны танымайтындығын айтты. Имам халал табысқа кір келе ме деп қауіптеніп, сатылған тауардан түскен табыстың барлығын садақа етіп таратады. Оның осындай бұл тақуалығы  рухани материалдық саудасында үлкен берекет әкелді.

0 пікір