ЗУЛКИФЛ АЛАЙХИС-СӘЛӘМ
ЗУЛКИФЛ АЛАЙХИС-СӘЛӘМ
05.08.2021 08:53
689
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Барлық уайымы, тек ақырет дерті болған адамдың дүниелік қиындықтарын жоюға, Алла Тағала жетеді». («Сүнән ибн Мажа»)

 Зулкифл алайхис-сәләм Әйюб алайхис-сәләмнің ұлы. Одан кейін пайғамбар қылып жіберілген. Қауымын Алланың бірлігіне сенуге шақыру міндеттелген. Зулкифл алайхис-сәләм Шамда тұратын. 

Алла Тағала былай дейді: «Ысмайыл, Ыдрыс, Зүлкәфил (а.с.) дерге де (мәрхамет еткен едік). Солардың барлығы да сабырлы еді. Сондай-ақ оларды мәрхаметімізге бөледік. Өйткені олар, игілерден еді». (Әнбия сүресі, 85-86-аят).

Және (Мұхаммед а.с.) Ысмайыл, Ілияс және Зүлкәфіл (а.с.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді. (Сад сүресі, 48-аят).

Зулкифл алайхис-сәләм Құран Кәрімде мақталған үлкен пайғамбарлар арасында атының өтуі оның да пайғамбар екендігін айқын көрсеткен. 

Халық Зулкиф алайхис-сәләмға ұйып, иман етті. Алла Тағала оларға Алла жолында жихадты әмір етті. Бірақ олар бостық танытып, бұл әмірді орындағысы келмеді. Былай деді: «Уа, Зулкифл! Біз өмірді жақсы көреміз, өлімді жақсы көрмейміз. Сонымен қатар Алла Тағалаға және оның Расуліне қарсы келуді де ұнатпаймыз. Егер өмірімізді ұзақ қылуын, қалаған уақытымызда өлтіруін Алладан тілесең оған құлшылық қылып, оның дұшпандарымен жиһад етеміз».

Зулкифл алайхис-сәләм оларға: «Сендер менен үлкен нәрсе сұрадыңдар. Маған ауыр ұсыныс айттыңдар» деді. Сосын орнынан тұрып намаз оқыды және: «Уа, Аллам! Сен маған пайғамбарлық міндетімді жаюды бұйырдың. Мен де жеткіздім. Дұшпандармен жихад етуді әмір еттің. Бірақ мен өзімнен басқасына күшім жетпеді. Қауымымның менен сұрағанын Сен менен артық білесің. Мені өзімнен басқасының күнәсінан есепке тартпа. Мен Сенің ашуыңнан рызаңа, азабыңнан кешіріміңе сыйынамын» деді. 

Алла Тағала Зулкифлге (а.с.): «Сен қауымыңа Менің олар үшін таңдағанымның олардың өздері үшін таңдауынан қайырлы екенін үйретпедің бе?» деп уахи етті. Содан кейін олар қалаған уақыттарында емес Алла Тағаланың белгілеген уақытында өлуге разы болды. (Алайхи уә ала нәбиийнәс-сәләм)

0 пікір