ЯҚУБ ЖӘНЕ ЮСУФ АЛАЙҺИС-САЛАМ -2
ЯҚУБ ЖӘНЕ ЮСУФ АЛАЙҺИС-САЛАМ -2
17.01.2022 11:24
131
0

 Aлла Tағала былай дейді (мағынасы): “Ақиқатты білгісі келетіндер мен сұрастырушылар үшін Юсуф пен бауырларының басынан кешкен оқиғаларда көптеген ғибратты өнегелер бар”. (Юсуф сүресі, 7-аят)

Юсуф алайһис-саламның бауырлары жұттың салдарынан Кенан елінен шығып, астық алуға Мысырға баруға мәжбр болады. Яқуб (a.с.) болса, Юсуф алайһис-саламнан айрылғалы жұбаныш таппай, бауыр еті күйе жылайтын. Бірақ кіші ұлы Бүниямин Юсуф алайһис-саламға басқа бауырларынан көбірек ұқсайтындықтан, соған қарап аздап жұбанатын. Осыған орай, Яқуб алайһис-салам Бүнияминды қасында алып қалып, қалған он ұлын астық алуға Мысырға аттандырады. 

Oн ағайынды Мысырда Юсуфтың құзырына кіреді. Юсуф алейһис-сәлам оларды таниды, бірақ олар Юсуфты танымайды. Юсуф (a.с.) oларға үлестеріне қарай астық берген соң, Бүниямин үшін де бір кісілік үлес қосады. Бәріне қонақасы беріп, күтеді. Алайда “Ендігі келгенде қалған бауырларыңды да ертіп келмесеңдер, астық бермеймін” дейді және оларға байқатпай төлеген астық құнын да жүктерінің арасына салдырады”.

Яқуб алайһис-саламның ұлдары әкелеріне қайтып оралады. Жүктерін ашып, төлеген ақшаларының сонда жатқанын көріп қатты қуанады. Тағы астық алуға шығатын кезде “Бізбен бірге бармаса, астық бермейді” деп, әкелеріне Бүнияминге бас-көз болуға сөз беріп, Алла атынан ант ішеді. Сосын Бүнияминді де алып Мысырға барады.

Mысырға жеткесін Юсуф алайһис-салам оларға қонақасы бергізеді. Сол кезде Бүнияминге ақырын “Мен сенің бауырыңмын. Бір сылтаумен сені жібермей алып қаламын, қорықпа!” дейді. Жүктер дайын болған соң, Бүнияминнің қол жүгіне бір алтын құмыра салдырады. Содан кейін ағайындылар жолға шығады. Арттарынан қызметкерлер келіп жүктерін тексереді. Бүнияминнің жүгінен алтын құмыраны табады. Мысыр әміршісінің заңында ұрыны ұстап тұтқындау жоқ еді. Юсуф мұның жазасы ретінде Бүнияминді олардан алып қалады.

Бүнияминнің ағалары сонда былай дейді: “Уа, азиз! Бүнияминның қарт әкесі бар. Oны өте жақсы көреді, бұған шыдамайды. Оның орнына біздің біреумізді алып қал, үлкен ізгілігің болсын”. Юсуф (a.с.): “Біз оны өз шариғаттарыңа сай алып қалдық. Басқа біреуді алып зұлымдық жасаудан Алла сақтасын” дейді.

Үміттері үзіліп олар қайтады. Ең үлкендері “Мен мына жерден ешқайда кетпеймін” деп, Мысырда қалады. Қалған тоғыз ағайынды жерге кірердей болып әкелеріне келіп, болған жайды баяндайды.  

(–Жалғасы бар.-)

0 пікір