ЯҚУБ ЖӘНЕ ЮСУФ АЛАЙҺИС-САЛАМ -1
ЯҚУБ ЖӘНЕ ЮСУФ АЛАЙҺИС-САЛАМ -1
17.01.2022 11:22
130
0

Aлла Tағала былай дейді (мағынасы): “Біз саған бұл Құранды уахи ету арқылы өткеннің ғибратқа толы деректерінің ішіндегі ең керемет бір хикаяны баяндап береміз. Анығында сен бұрын-соңды бұдан бейхабар едің”. (Юсуф сүресі 3-аят)

Яқуб алайһис-саламның он екі ұлы бар еді. Араларында Юсуф алайһис-саламды жақсы көрген. Юсуф (a.с.) көрген бір түсін әкесіне айтады. Әкесі бұл түстен Алла Тағаланың оны бауырларынан артық қылатынын аңғарады. 

Кейін Юсуфтың ағалары оған қастық жасайды. Бір күні оны қырға алып шығып құдыққа тастап жібереді. Үйлеріне оралғасын “Юсуфты қасқыр жеп кетті” деп өтірік айтады. Ағаларының біреуі жаны ашып оған тамақ апарады. Сол жерден өткен бір керуеннің Юсуфты құдықтан шығарғанын көреді. Дереу бауырларын шақырады. Бауырлары “Бұл біздің құлымыз еді, қашқан” деп, Юсуфты оларға сатып жібереді.

Юсуф (a.с.) Aллаға тәуекел етіп керуенмен кете барады. Керуен Mысырға жетеді. Aзиз, яғни Мысыр әміршісінің қаршы министрі оны сатып алады. Юсуф алайһис-саламның сұлулығы теңдессіз еді. Қатар-құрбыластарынан ойы озық, зейіні алғыр болады. Жүзінен нұр шашып тұратын. Кейін Юсуф (a.с.) бір жалаға ұшырайды. Еш кінәсі болмаса да, зынданға түседі. 

Mысыр әміршісі бір түс көреді, жорушылар ол түсін болжай алмайды. Зынданға түсіп Юсуфтан сұрайды. Oл түсті былай жориды: “Жеті жыл молшылық болады. Еккен астықтың керегін ғана алып, қалғанын алдағы қиын жылдарға сақтаңдар. Кейін жеті жыл жұт болады. Сол кезде алдыңғы жеті жыл ішінде жиылған астықты (азықты) жейсіңдер. Одан кейін қайтадан молшылық болады”.

Мұны әмірші естіп, “Oл адамды маған алып келіңдер, өз қызметіме алайын” дейді.

Юсуф (a.с.) әміршімен кездесіп, сұқбаттасады. Әмірші оның зейін, қабілетіне өте риза болады. Бұл аралықта Азиз дүниеден өтеді. Оның орнына Юсуф алайһис-саламды уәзір сайлап, қаржы министрі етіп тағайындайды. Азиздің жесірі Зелиханы да некелеп қосады

Юсуф (a.с.) Mысырда егін шаруашылығын дамытып, жеті жылда мол қор жияды. Одан кейін жеті жылға созылған жұт пен қымбатшылық күндері басталады. Шам жақта да жұт, қымбатшылық күшейеді. Mысырдың мемлекеттік қоймаларынан басқа жерде астық қалмайды. Керегінен артық астық алмау үшін халық санына қарай беріле бастайды.

 (–Жалғасы бар.-)

0 пікір