ҰЛТТЫҢ ДІНІ – СОЛ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДЕ ДІНІ!
ҰЛТТЫҢ ДІНІ – СОЛ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДЕ ДІНІ!
10.04.2020 10:46
948
0

Патшаң залым болса, оның залым болмауын Алладан тіле. Бірақ, оған орынсыз қарсы тұрма. Қарсы тұрсаң да, оның артынан қасиетсіз сөз айтпа. Өйткені, жаман ниет пен жақсы іс отаспайды. Қаралау – жаман ниет. Көсемдік – жақсы іс.   Халыққа «көсемді даттасам жағам» деп ойлау даңғазаның ісі. Сын сағатта патшаныңқасынан кетушілер болса, олардың ісі ізгіліктен емес, келесі биліктен дәметушіліктен. Олар бүгін патшаны сатса, ертең елді сатады. Сөзсіз сөйтеді. Өйткені, олар сатып үйренгендер. Жалпы  патша елдің тұлғасы, ниетінің көрінісі. Сондықтан патша залым болды ма, онда ол ел де, мүмкін, ол елдегі сен де залымсың. Залым елге залым патша берілетіндігі бізге АлланыңҚұран арқылы жеткізген хабары.

Мемлекет құруда әуелі мемлекеттік идеяның негізі басшылыққа алынуы шарт. Олай болмаса ол мемлекет те адасқан кеменің кейпін киеді. Мемлекет ғұмырлы болуды ойласа, өзін мемлекет етіп атандырған ұлттың руханияты саналатын төл дініне ерекше мән беруі қажет. Өйткені  ол ұлттың діні – сол мемлекеттің де діні. Дінсіз адам болмайтынын ескерсек, дінсіз мемлекет те болмайтынын білеміз. Мемлекет дінсіз болса немесе өз ұлтының дініне селсоқ қараса, ол мемлекет ерте ме, кеш пе, «Ұлттық» деп аталатын өзі сияқты өзегі діндәр мемлекеттердің таланына айналады. Көп ұзамай өзгеге жұтылып кетеді. Дінсіздік адамдағы тірі өліктік. Ал, мемлекет үшін де солай. Оның мысалы, кешегі Кеңес одағы. Кеңес үкіметі өз мемлекеттігінде дінсіздікті дәріптеді. Сөйтіп, ол дінсіз – рухани өлі мемлекетте ұзақ ғұмыр болмайтынын дәлелдеді.

Патшаң залым болса, оның залым болмауын Алладан тіле. Бірақ, оған орынсыз қарсы тұрма. Қарсы тұрсаң да, оның артынан қасиетсіз сөз айтпа. Өйткені, жаман ниет пен жақсы іс отаспайды. Қаралау – жаман ниет. Көсемдік – жақсы іс.   Халыққа «көсемді даттасам жағам» деп ойлау даңғазаның ісі. Сын сағатта патшаның қасынан кетушілер болса, олардың ісі ізгіліктен емес, келесі биліктен дәметушіліктен. Олар бүгін патшаны сатса, ертең елді сатады. Сөзсіз сөйтеді. Өйткені, олар сатып үйренгендер. Жалпы  патша елдің тұлғасы, ниетінің көрінісі. Сондықтан патша залым болды ма, онда ол ел де, мүмкін, ол елдегі сен де залымсың. Залым елге залым патша берілетіндігі бізге Алланың Құран арқылы жеткізген хабары.

 Мына оқиғаға назар аударған жөн:

Өз елінің патшасы залым болады да, біреу мейірімді патшасы бар көрші елге қашып өтеді. Өткен жерден ұсталып, мейірімді патшаның алдына әкелінеді. Болған жәйді білген мейірімді патша әлгі қашқынды сол күні зынданға салып, ертесі басын алуды бұйырады. «Мейірімді» деп келген патшасынан мұндай сұмдықты күтпеген ол өлтірмеуін сұрап патшаға жалбарынады. Патша оған ертеңге дейін бір тал шөп өсіріп әкелуін бұйырып, егер соны әкеле алса ғана өлімнен құтылатынын айтады. Содан «біттім» деген ол, енді өзіне Алладан басқа жәрдемші жоғын біліп, таңға дейін бір тал шөп беруін Жартқаннан жылап сұрап, әбден діңкесі қатып, ұйықтап кетеді. Ертеңіне түрме күзетінің түртіп оятуымен басын көтерген ол, өзі жатқан тас еденде бір тал шөптің өсіп тұрғанын көріп, Аллаға мың шүкір, сан мадақ айтады. Әлгі шөпті өзімен бірге алып жүреді.

Патша уәде бойынша оған өлтіру бұйрығын береді. Сонда ол патшаға әлгі шөпті көрсетеді. Патша одан ол шөпті қайдан, қалай алғанын сұрайды. Ол зынданға түсіп, ертеңгі өлімді күтуден басқа еш шарасы қалмағанда, Алладан бар пейілімен бір тал шөп сұрап, жалбарынып жатып ұйқтап кеткенін, тұрса алдындағы тас еденде осы шөптің Алланың әмірімен өсіп тұрғанын көргенін айтады.

Патша оның өліміне жиналып, болған істі өз құлақтарымен естіп тұрған көптің алдында: «Ендеше, сен де еліңнің патшасын залым көрсең, оны тастап қашпай, оның мейірімді патша болуын Алладан тіле. Алла  құлы не тілесе соны беретінін міне өзің дәлелдедің», деп оны еліне қайтарады.

Бұл оқиғаны аңыз деп білсек адасамыз. Бұл шын іс. Ендеше, шын істің тәлімін ал.

Басшыға бағыну туралы хадистер:

   1.   Өзініңәміршісін қорлағанды Алла қорлайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

   2. Абу Хурайра(оған Алланың ризашылығы болсын) Алла Елшісінің, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді:  Маған бағынған Аллаға бағынғаны, ал маған бағынбаған Аллаға бағынбағаны, ал әміршісіне бағынбаған маған бағынбағаны.(Аль-Бухари, Муслим)

   3. Абдуллаһ бин Масъуд(оған Алланың ризашылығы болсын) Алла Елшісінің(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: “Менен кейін сендерді алалайтын болады , және сендерге ұнамайтын амалдар істеліне бастайды”. Сонда адамдар: “Иә Алланың елшісі, бізге не бұйырасың?”, – деп сұрады. Ол: “Сендер беруге тиісті нәрселеріңді берулерің керек те, ал сендерге тиесіліні Алладан сұрауларың керек( аль-Бухари, Муслим)

  4.  Абу Хунайд Уайль бин Худжр(оған Алланың ризашылығы болсын) былай деді:  Бірде Салама бин Йазид бин Худжр, Алланың елшісіне(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: “Иә Алланың пайғамбары, айтшы, егер бізге өздерінің бізден талап ететін істерінде табандылық көрсететін, ал өздерінің бізге қатысты талаптарын орындамайтын әміршілер келсе, біз не істеуіміз керек?”, – деп сұраған кезді, Пайғамбар(Оған Алланыңигілігі мен сәлемі болсын)теріс айналып кетті, ал ол сұрағын кешірек тағы да қайталаған кезінде, Алланың елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Тыңдаңдар да бой ұсыныңдар, өйткені олар өздеріне тапсырылғанға жауап береді, ал сендер – өздеріңе тапсырылғанға жауап бересіңдер . (Муслим).

 Басышға бағынып, егер ол қателлесе оны сыртынан жамандамау туралы:

 1) “Әй мүминлер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар…”(“Ниса” сүресі, 59 аят.)

 2) Ибн Аббасған Алла разы болсын)Алланың Елшісінің(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсынбылай деп айтқанын жеткізді: Кімге әміршісінің бір ісі ұнамаса шыдамдылық танытсын, өйткені, расында, әміршісінің бұйырғанынан бір қарысқа болса да ауытқығанныңөлімі жәхил заманында өлгенмен теңеседі! (Аль-Бухари, Муслим.)

 3) Абу Хурайраған Алла разы болсын)Алланың Елшісінің(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсынбылай деп айтқанын жеткіздіКедейлікте де байлықта да, саған ұнайтында да ұнамайтында да және сені құр қалдырса да әміршіңді тыңдап, оған бағынуға тиістісің. (Муслим)

 

0 пікір