СІЗДІҢ ОРНЫҢЫЗҒА СІЗДЕН ЛАЙЫҚТЫ АДАМ ОТЫРАР ЕДІ ҒОЙ...
СІЗДІҢ ОРНЫҢЫЗҒА СІЗДЕН ЛАЙЫҚТЫ АДАМ ОТЫРАР ЕДІ ҒОЙ...
31.01.2020 10:14
1212
0

Омар ибн Абдулазиз халифа болғанда құттықтауға шартараптан делегациялар келеді. Солардың арасында Хижаздан келген делегация болады. Рет-ретімен шығып халифаны құттықтап жатқанда хижаздық делагацияның атынан жас бала шығады.

Құттықтауға бекініп тұрғандығын байқаған халифа:

«Сенен жасы үлкен кісі шығып сөйлесін! Сөйлеуге сенен гөрі сол лайықтырақ» дейді.

Жас бала: «Уа, момындардың әміршісі! Келелі істің барлығы сіздің айтқаныңыздай жүзеге асып отырса, сіздің орныңызға сізден лайықты адам отырар еді ғой» деген екен. (Омар ибн Абдулазиз таққа отырғанда жасы отыз сегізде болған)


P/S Өзіңізден жасы кішілердің де пікірін тыңдап жүріңіз. Көптеген мәселе жасы үлкендікпен шешілмейді.

Бауыржан Алиұлы

 

0 пікір