САХАБАЛАРҒА ТІЛ ТИГІЗУДЕН САҚТАНУ
САХАБАЛАРҒА ТІЛ ТИГІЗУДЕН САҚТАНУ
22.10.2021 08:20
264
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Бәкір мен Омарды (Алла олардан разы болсын) көріп: «Бұл екеуі (Хақты естіп, естіртуде, көріп, көрсетуде мұсылмандар үшін) құлақ пен көз сияқты» - деді. («Сүнән Термизи»)

Имам Раббани (қ.с.) бір хатында былай дейді:

«.. Дін ұлылары (сахабалар, табиғиндер табиғи табиғиндер) жайында орынсыз сөйлеу дінге қайшы..» (2-36)

Дін ұлыларына тіл тигізуден, Ислам дінін жаю үшін бар күш-қайратын жұмсаған Ислам ұлыларын және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көмекшілері сахабаларды жамандаудан барынша сақ болу қажет. Олар дінді күшейту үшін күндіз-түні, жасырын түрде де ашық түрде де малдарын жұмсап, Пайғамбарымызды жақсы көргендіктерінен тайпа, руларын, балаларын, әйелдерін, отандарын, үйлерін, мал-мүліктерін, егіндерін, бақшаларын тастап кеткен. Пайғамбарымызды өздерінен жандарынан артық көрді. Оны (с.а.у.) өздерінен, ұрпақтарынан, малдарынан артық жақсы көрді. 

Сұқбаттасу құрметіне ие болған бұл кісілер пайғамбарлық берекесімен Расулулланың сұхбатында амандыққа қол жеткізді, аянның түскенін көздерімен көрді. Жәбірейіл періштенің келу құрметіне ие болды. Көптеген мұғжизалар көрді. Осылайша ғайыптағыларды көздерімен көріп, осы ақиқаттарды толық үйренді. Оларға ешкімге берілмеген тура ілім берілген. Тіпті басқалардың Ұхұд тауындай алтын садақа беруі олардың бір алақан не жарты алақан бидай садақа бергеніне жетпейді. («Мәктубат Имам Раббани», 2-36)

 

 

0 пікір