САХАБАЛАРДЫҢ ЕҢ АБЗАЛЫ
САХАБАЛАРДЫҢ ЕҢ АБЗАЛЫ
10.09.2021 10:23
1013
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Өзіне жақсылық жасалған адам мүмкіндігі болса бірден қайтарымын жасасын. Мүмкіндігі болмаған адам оны мақтасын (немесе жақсы тілек айтсын). Өйткені, мақтау айтқан кісі рақметін айтқан болып, ал үнсіз қалған адам сараңдық танытқан болады».  («Сүнән Тирмизи»)

Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді: 

«Үмметімнің ішінде ең мейірімдісі – Әбу Бәкір Сыддық. Алланың дінінде ең күштісі – Омар. Ар-ұят жағынан озық тұрған - Осман. Ең жақсы төрелік жасайтыны - Әли ибн Әбу Тәліп. 

Алланың кітабын ең көркем түрде оқитыны - Үбәй ибн Кағб. Фараизды (меншік құқығы туралы ілім) жақсы меңгерген - Зәйд ибн Сәбит. Ал Мұғаз ибн Жәбәл - Алланың харам және халал еткендерін жақсы білетін адам. 

Құлақ салыңдар! Әр үмметің бір ең сенімді адамы бар. Бұл үмметтің ең сенімді адамы - Әбу Убайдә ибн Жәррах.

Әбу Зәрр әл-Ғифариден артық дұрыс, анық сөйлейтін адам жерде де, көкте де жоқ».

«Үмметімнің ішінде ең көп құлшылыққа берілгені, ең тақуасы – Әбу Дарда. Үмметімнің ең жұмсақ мінездісі және жомарты - Мұғауия ибн Әбу Суфян». (Алла баршасынан разы болсын).

 

 

0 пікір