Сахабалардан сыр сыңғыры-98,99,100
Сахабалардан сыр сыңғыры-98,99,100
15.05.2019 15:58
61
0

Ғитбән ибни Мәлик рһ.

Ғитбән (немесе Ғутбән) ибни Мәлик, Мәдиналық мұсылман болып хәзраж тайпасының Сәлим руына жататын еді. Жоғарыда аталып өткендей Бәдр соғысына қатысқандар арасында бар. Өмірін Сәлим ұлдарына имамдық жасаумен өткізген. Нашар көретін көзі кейінірек тіпті көрмей қалғанын түсіне аламыз. Ол кісі сонда да өз маңайындағы жандарға имамдық жасауды жалғастыра берді.

Бұхари мен Мүслимде осыдан басқа ешбір риуаяты келмеуде.

Ибн Сағдтың айтуына қарағанда, хижреттің алғашқы кезінде ансарлар мен мухажирлер арасында жүзеге асқан бауырластықта Ізгі елші Омар рһ мен Ғитбәнді бауыр еткен-ді.

Соңғы елші Тәбук соғысына аттанған кезде, Ғитбәнды Мәдина да өкіл етіп қалдырып кеткен.

Ол кісі, Мұғауияның тұсында әбден қартайып Мәдина да қайтыс болды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 89 б.)

Амр ибни Ғәбәсәәс-Суләми рһ.

Әбу Нәжих немесе Әбу Шұғайб лақаб есімімен танылған Амр ибни Ғәбәсә, өзінің айтуына қарағанда төртінші болып мұсылманшылықты қабылдаған саңлақ сахаба (қар.з Хаким, Мустәдрак III, 617; Ахмәд ибни Ханбәл, Мүснәд IV, 385).Хандәк соғысынан кейін немесе Мекке фатхынан алдын алдымен Мәдинаға көшіп қоныстанып, одан кейін Шамға барып сол жақта қайтыс болған. Ол кісіден 38 хадис риуаят етілген. Осы хадистерінің біреуі Сахих Мүслимде орналасқан. Имам Нәуәуи сол риуаятты міне осы жерде жеткізіп отыр.

Ибн Мәсғуд, Әбу Умәма, Сәһл ибни Сағд сынды сахабалар және табиғундардан бір топ бұл кісіден хадис риуаят еткен. Кутубус-ситтә иелері де ол кісіден кітаптарында атап өткен.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 132 б.)

Ибраһим ибни Абдуррахман рһ.

Әбу Ысхақ лақабы мен танымал Ибраөим ибни Абдуррахман ибни Ауф, табиғундар үлкенінен еді. Анасы Ғутбә ибни Әби Муғайттың қызы Үммү Кулсүм еді.

Әкесі Абдуррахман ибни Ауф, Омар, Осман, Әли, Сағд, Талха, Аммар, және Әбу Бәкра рһум және басқа да саңлақ сахабалардан хадис риуаят еткен. Ол кісіден де екі ұлы Сағд және Салих әрі әз-Зуһри риуаят қылған еді. Риуаяттары Термезиден басқа бес Сүнәнда келеді. Хижри 95 немесе 96 жылында қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіні рахымына алғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 170 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір