Сахабалардан сыр сыңғыры-96,97
Сахабалардан сыр сыңғыры-96,97
08.05.2019 11:01
1094
0

Жундәб ибни Абдуллаһ рһ.

Сахаба болған Жундәбтің лақаб есімі Әбу Абдуллаһ еді. Жундәб, Жундуб депте аталатын. Бәжилия тайпасынан болғандықтан әл-Бәжәли деп еске алынады. Алдымен Куфада мекендеп,сосын Басраға қоныс аударған болатын. Сондықтан Куфа және Басралық хадис рауилері риуаят жасаған еді. Хасан Басри, Мұхаммед ибни Сирин сол кісіден хадис жеткізушілер арасында бар.

Жундәб, Абдуллаһ ибни Зубәйр фитнәсі кезінде, қатарға шақырған бір топ мұсылманға аталмыш (395) хадисті жеткізді және фитнәға қатыспау керек екендерін айтып кеңес берді. Ал олар:

-         Фитнә қаламызға келсе не істейміз? деп сұрағандарын да:

-         Өз аудандарыңа еніңдер деді.

-         Сол ауданымызға да келсе ше?

-         Олай боса үйлеріңе кіріңдер.

-         Үйімізге де енсе ше?

-         Үйлеріңнің бөлмелеріне кіріп келсе ше?

-         Өлтірілген Абдуллаһ (Аллаһтың құлы) бол, өлтіруші Абдуллаһ бол ма деп жауап берді.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 32-33 б.)

 

Абдуллаһ ибни Ғутбә ибни Мәсғуд рһ.

Абдуллаһ ибни Мәсғуттың немере ағасының баласы болып келетін Абдуллаһ ибни Ғутбә да сахаба жан. Ұлы Хамза, ол кісіден Адақты елшіге қатысты естеліктерін сұраған сәтте, бес немесе алты жас шамасы кезінде өзін құшағына алып басын сипағанын сосын оған әрі болашақ ұрпағына дұға жасағанын айтқан.

Абдуллаһты табиғун табақасына жатқызғандар болған. Бірақ Омардың рһ ол кісіні уәли етіп тағайындағаны жайлы риуаяттар кездеседі. Бұл дегеніміз оның табиғундар қатарына жатады дегенге келмейді. Өйткені Омар рһ Арда елшіден шамамен он үш жылдан кейін қайтыс болғанына қарағанда, Абдуллаһ ибни Ғутбәнің Омар рһ кезінде жас болғандығы және керісіше сахабадан болып саналуы керек екендігі айдан анық.

Абдуллаһ, немере ағасы ибни Мәсғуд және Омар рһ дан хадис риуаят еткен. Ол кісіден хадис нақыл етушілер арасында балалары Абдуллаһ және Аун мен Мұхаммед ибни Сирин, Хумәйд ибни Абдуррахман да бар еді.

Абдуллаһ ибни Ғутбә 74 (693) жылы Куфада хаққа қауышты.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 34-35 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір