Сахабалардан сыр сыңғыры-83
Сахабалардан сыр сыңғыры-83
19.04.2019 11:24
246
0

Әбу Әйюуб әл-Әнсари рһ.

Аты Халид ибни Зәйд болумен қатар Әбу Әйюуб лақабымен танылды. Хижреттен соң Мәдиналық мұсылмандарға, Арда елшіге және мұсылмандарға жәрдем етушілер мағынасына саятын әнсар делінгені үшін әл-Әнсари атауымен еске алынды. Ардақты елшіні Мәдинаға хижрет етіп келгенде  үйінде қонақ еткені үшін «Михмандарун-нәби» депте әйгіленді.

Хижреттен екі жылдай бұрын әйелімен бірге Ислам дінімен қауышты. Осылайша Исламды алғашқы қабылдаушы Мәдиналықтардың арасында орын алды.

Аяулы елші Мәдинаға көшіп келген кезде Мәдиналық мұсылмандардың әрбіреуі Оны үйінде қонақ еткісі келетін. Арда елші оларды ренжітпеу үшін оңай бір жол тапты. Түйені (қасуаны) өз еркімен қоя берейік: қайда шөгетін болса, сол жерге жақын үйде қонақтайын деді. Қасуа бірнеше жерге шөкті, қайта тұрды. Арда елші үстінде болатын. Соңында шөккен жерінен тұрмады. Ол жерге ең жақын үй Әбу Әйюуб әл-Әнсаридің үйі еді. Әбу Әйюуб Ардақты елшіні үйінде қонақ ету бақытына ие болды. Мәсжидин-Нәбәуидің қабырғасына жалғанып бөлмелер салынғанша, жеті ай бойынша Арда елші оның құтты қонағы болды.

Әбу Әйюубтың үйі екі қабат болатын. Келіп кетушілерге ыңғайлы болсын деп Әз елшіні бірінші қабатқа орналастырған болатын. Бірақ бір күні үстіңгі қабаттағы су ыдысы құлап төгіледі. Әбу Әйюуб  әйелі төменге су ақпасын деп барқыт көрпелерімен суды сүртіп сіңіруге тырысты. Су төменге тамшылап Құрметті елшінің тынышын алатын болды деп таңға дейін ұйқы көре алмады.

Ертеңінде Әбу Әйюуб Ізгі елшінің жанына жетіп:

Ата-анам сенің жолыңда пида болсын, уа Аллаһтың елшісі! Сенің төменде, біздің жоғары да болуымыз мүлде дұрыс дүние емес. Қане үстіңгі қабатқа сіз тасыныңыз деп жалынды. Аяулы елші оны ренжітпеу үшін үстіңгі қабатқа шықты.

Әбу Әйюубтің үйі жеті ай бойынша бір мектеп болды. Барлығы Ақиық елшінің қасына келіп Исламды үйренді. Ардақты елші бұл үйдің иелеріне  тілеулес болды. Оларға береке бірлік тіледі. Әбу Әйюуб әрдайым Арда елшінің айналасында көзсіз көбелек болды. Ержүрек бір батыр адам болатын. Бір күні Мәсжидун-Нәбәуиде екі беткейлер Арда елшіге құрметсіз бір қылық жасады. Әбу Әйюуб олардың қасына барып құрметсіздікке себепкер болған оңбағанның аяғынан сүйреп далаға шығарып тұрып:

-         «Оңбаған арсыз, пәле басқыр! деп арқасынан аямай бір жұдырық салып қалды. Басқа мұсылмандарда оны көріп қалған оңбағандарды сүйреп шығарып тастады.

  Аяулы елшімен бірге барлық соғыстарға қатысқан Әбу Әйюуб Оны соғыстарда да көзден таса етпей, қауіпті деп санаған түндерде Оның шатырының айналасында өзінен өзі күзет жасайтын.

Әбу Әйюуб асхабы кирамның ғалымдарының бірі болатын. Мұсылмандар кейбір мәселелерді оған апарып шешімін алатын. Оқу-жазу білгендігі үшін Арда елшінің уахи жазу қызметін де атқарды. Бір хадисті Арда елшінің ауызынан естіген Ъуқба ибни Амрдың өз ауызынан сол хадисті есту үшін Мәдинадан аттанып Мысырға тартты. Және одан: «Кімде-кім бұл дүниеде бір адамның айыбын жасырса, қиямет күні Аллаһ оның айыбын жасырады»деген хадисті естіді. Өмірі соғыспен өткендіктен ол кісі 115 хадис риуаят етті.

Игі елші қайтыс болғаннан соңда жасалған соғыстарға қатысты. Мысыр, Сирия, Фалестина және Қыбрис сапарларында болды. Биліктегілердің жөнсіз қылықтарын беттеріне айтып оларға ескертіп отыратын.

Әбу Әйюуб шау тартқан шағында да жыл сайын соғысқа қатыса беретін. Мұғауия ибни Әбу Суфиянның кезінде шыққан Константинофель жорығына қатысып Ыстанбулға келді. Қала ұзақ уақыт қоршауға алынды. Осы кезде Әбу Әйюуб науқастанды. Өлсе өзін қорғанға шамалары келгенше жақындатып жерлеулерін өсиет етті. 52 (672) жылы қайтыс болды. Ислам әскерлері оны иықтарына салып соғыса-соғыса отырып қорғанға қарай жылжыды және ең лайық деп тапқан жерге жерледі. Әбу Әйюуб міне сол күннен бері Ыстанбулдың құтты қонағы болып табылады.

Аллаһ ол кісіденразы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 464-466 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір