Сахабалардан сыр сыңғыры-80
Сахабалардан сыр сыңғыры-80
09.04.2019 11:44
187
0

Әсма бинти Әбу Бәкір рһума

Әбу Бәкір рһ дің үлкен қызы, Айша анамыздың әпекесі әрі бір анадан. Әсма он сегізінші мұсылман боп білінеді. Әкесімен бірге Ардақты елші хижрет ететін түні жол азықтарын дайындаған, бірақ оны байлайтын бір жіп таба алмаған еді. Әсма сол кезде еш ойланбастан беліндегі белбеуін шешіп ортасынан қақ бөліп азықты байлап қалғанын қайта белдік еткен еді. Сол күннен кейін екі белбеудің иесі мағынасындағы «зәтун-нитақәйн» деп аталды.

Жәннатпен көзі тірісінде шүйіншіленген он кісінің бірі болған Зубәйр ибни Аууам мен отау құрды. Язид ибни Мұғауияның өлімінен кейін Мекке Мукаррамада тоғыз ай халифалық жасаған және залым Хажжажға жігітше шайқаса шаһид болған Абдуллаһ ибни Зубәйрді дүниеге әкелді.

Абдуллаһ қиын қыстау күндерінде анасы мен истишәра/ақылдасқан да айтқан сөзі әлемге әйгілі еді. Хажжаж Меккені қоршап Әбу Қубәйс тауынан бұл қасиетті қалаға манжынықпен тас атқылайды. Қоршаудың алтыншы айында Меккеліктердің азығы түгесіліп жақтаушылары Абдуллаһты тастап кете бастаған. Абдуллаһтың қасында өте аз адам қалған болатын. Хажжаж оған егер өз еріктерімен берілсе, ешнәрсе жасамайтынын айтып хабар салды. Абдуллаһ ибни Зубәйр анасының жанына барып былай деді:

-         Анашым! Халық мені тастап кетті. Тіпті өз балам мені қалдырып кетті. Жанымда мардымсыз кісі қалды. Олар да ұзаса бір сағат қана шыдайды. Бұл оңбағандар (Хажжаж) мен не қаласамда береді. Не істеуімді лайық көресіз?

Әсма рһа оған мыналарды айтады:

-         Балам! Сен өзіңді жақсы білесің. Мақсатыңның хақ болғанын және халықты Хаққа шақырғаныңа сенімді болсаң, шыда. Сенің барлық кісілерің, достарың Хаққ жолында шаһид болды. Мойыныңды Бәну Үмәя ұлдарының қолына тапсырып ойыншығы етпе! Егер осының бәрін дүниелік бір іске қол жеткізу үшін жасаған болсаң, сен неткен жаман құл едің! Осылайша һәм өзіңді һәм де сенің жаныңда болғандарды тас-талқан еткен болып отырсың демек бұл. Егер «Мен тура жолда едім. Бірақ достарыма безіп кеткен соң күшімді жоғалттым» дейтін болсаң, бұл жігіттердің жасайтын ісі емес. Қанша ғұмыр кешпексің бұл дүние де? Өлген қайда артық...

Әсма осы әйгілі сөзден біраз бұрын көздерінен айырылған болатын. Осы ұзақ әңгімеден кейін ұлы мен қоштасып жатқанда оның үстінде сауыты бар екенін байқады. «Бұл шаһидтікті аңсаушылардың жасайтын ісі емес» деп үстіндегі сауытты шешуін қалады.

Жүз он жыл ғұмыр кешкен Әсма ұлының 73 (692) жылы Хажжаждың қолынан шаһид болғанынан бес, он күннен кейін Меккеде хаққа қауышты.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 446-447 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір