Сахабалардан сыр сыңғыры-8
Сахабалардан сыр сыңғыры-8
12.03.2018 14:42
585
0

Әбу Муса әл-Әшғари (р.һ)

Әбу Муса әл-Әшғари (р.һ), Йеменнің Зәбид аймағында өмір сүрген. Мұсылман болғаннан кейін ерен игі әрекеттері мен Хз. Пайғамбардың (с.ғ.с) құрметіне бөленген саңлақ сахабалардың бірі еді. Әшғари руынан болатын.

Хз. Пайғамбардың (с.ғ.с) Исламға шақырып жатқаны құлағына тие сала, Оны көруге екі ағасы және 52 кісімен бірге  бір кемеге мініп жолға шығады. Бірақ дауыл мен тағдыр оларды Эфиопияға алып барды.

Жағаға шыққан соң, Хз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) немере ағасының баласы Жағфар Тайар (р.һ) мен бірге көптеген мұсылмандардың сол жерде болғанын естіп қатты қуанды. Хижраттың жетінші жылында (628) Мәдинаға қоныс аударады. Алдымен Эфиопияға содан кейін Мәдинаға барып екі рет хижрат жасағандарын және осы себепті Аллаһтың шексіз ризалығына қауышқанын Расул-і Әкрамнан естігенде  қуанышы қойынына симай бір марқайып қалады. Әбу Муса әл-Әшғари (р.һ) сол күннен бастап Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) бір елі қалмады. Ол кісімен бірге барлық жорықтарға қатысты.

Хз. Омар және Хз. Осман (р.һума) дәуірлерінде жылдап Басра және Куфада уәлилік қызмет атқарды. Қаншама өлкенің Ислам аймағына қосылуына себепкер болды. Құрметті сахабалардың ең үлкен алты ғалымының біреуі болып саналады. Құран Кәрімді тікелей Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) үйренді, Басралықтар мен Куфалықтарға қаншама жыл бойы Құран Кәрім үйретті. Өте әдемі, әсем бір әуезді үні бар еді. Ол Құран оқи бастаған сәтте бәрі терең ықыласпен ұйып тыңдайтын. Бір түні Расул-і Әкрам (с.ғ.с) Хз. Айша (р.һа) мен бірге оның Құран оқығанын естігеннен соң, оған «Хз. Дәуіт ғ.с нің дауысына ұқсайтын бір дауыс берілгенін» айтады.

Хз. Омар (р.һ) оны Құран оқуын қалаған кезде:

-                     Әбу Муса! Біздің есімізге Раббымызды сал! дейтін.

Әбу Муса (р.һ) көптеген жыл басқарушылық қызмет атқаруына қарамастан дүние-мүлікке көз салып қарамады. Әрбір адамға Хз. Пайғамбар (с.ғ.с) заманында қарапайым өмір салтынан үлгі мысалдар беріп қарапайым өмір сүрудің тамашалығын түсіндірді. Өте қияли бір адам еді. Түнде ұйықтаған уақытымда денем ашылып қалуы мүмкін деп киімшең жататын. Аллаһтан ұялғаны үшін түннің өзінде бүктеліп жуынатыны жайлы айтатын. Шәкірттеріне кішіпейіл болуды, Аллаһ қорқынышынан жылауды өсиет етіп былай дейтін:

-                     Жылай алмасаңыздар, жылауға тырысыңдар! Өйткені тозақтықтар, көздері суалғанша жылайды, кейін оған кемелер жүзетіндей қанды көз жастарын төгеді, дейтін.

 

Әбу Муса әл-Әшғари (р.һ) 360 хадис риуаят еткен. 63 жылдық өмірінің көбі Исламға және адамдарға қызмет етумен өткен бұл құрметті сахаба, хижраттың 42 жылында (662) Куфада, басқа бір дерек бойынша Меккеде көз жұмған.

Осы ізгі сахабаның ұрпағынан Имам Әшғари тарайды (Ә.Б).

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Жаласы бар)

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір