САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-77,78,79
САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-77,78,79
04.04.2019 12:04
132
0

Амр ибни Шұғайб - 77

Қысқа өмірбаяны 140-шы хадисте өткен ұлы сахаба Абдуллаһ ибни Амр ибни Астың немересі Шұғайбтың ұлы. Әкесі Шұғайб ибни Мұхамметте бір мухаддис болатын. Әкесінен басқа Сайд ибни Мусәйяб, Ұруа ибни Зубәйр және ибни Шиһаб әз-Зуһри сынды табиғун буынының танымал мухаддистерінен дәріс алды. Ұлы атасы Абдуллаһ ибни Амрдың Ардақты елшінің құтты ауызынан алып жазған хадистерді қамтитын әс-Сахифәтус-садиқа атты еңбек оған жетті. Үнемі Тайфта мекендеген Амр, жиі-жиі Меккеге барып және осы хадистерді шәкірттеріне риуаят ететін.

118 (736) жылы Тайфта қайтыс болды.

Атасы Амрдың өмірбаяны 332 хадисте беріледі.

Аллаһ ол кісі, әкесі және атасынан разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 389 б.)

 

Әбу Сурәйя Сәбра ибни Мәғбәд әл-Жухайни рһ – 78

Өмірбаяны жайлы мағлұмат өте сирек. Мәдина да өмір сүргені Хандәк соғысына және одан кейінгі соғыстарғақатысқаны әрі 60 (680) жылы маңайында дүниеден озғаны білінуде.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 390 б.)

 

Мәймунә бинтил-Харис рһа - 79

Мәймунә анамыз Ардақты елшінің көкесі Аббастың жұбайы Үммүл-Фадл Лубәбәнің сіңілісі еді. Халид ибни Уәлид пен Абдуллаһ ибни Аббастың да нағашы әпекесі болатын.

Мәймунә анамыз алдын екі рет үйленген сосын жесір қалған. Ардақты елші хижреттің жетінші жылы (629) қаза ұмраға бара жатқанда Аббас ол кісіге балдызымен үйленуіне ұсыныс жасады. Әз елші Меккеге құдалыққа екі сахабасын аттандырып осылайша Мәймунә мен Мәдинаға қайтар жолда Сәрәф деген жерде үйленді.

Мәймунә анамыздың да бұрынғы есімі Бәрра болатын. Бәрра «дұрыс, жомарт және бойұсынғыш» деген мағына бергені үшін, «Бір адам өзін осыншалықты мақтауы жөн емес» деп Әз елші ол кісінің есімін Мәймунә деп ауыстырды.

Жазмыштан озмыш жоқ демекші анамыз 51 жылы 80 жасында Ақиық елшімен үйленген Сәрәф деген жерде хаққа қауышып сол жерде жерленді.

Ол кісіден 46 хадис риуаят етілді. Жиені Абдуллаһ ибни Аббас бала кезінде оның үйінде қонақта көп болып Арда елшінің түнгі құлшылықтарын қалай жасайтынын көрді және бізге айтып жеткізді.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 443 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

 

0 пікір