Сахабалардан сыр сыңғыры-63
Сахабалардан сыр сыңғыры-63
13.03.2019 09:21
1058
0

Әбу Қатәдә Харис ибни Рибғи рһ.

Әбу Қатәдә, сахабалардың әйгілілерінің арасында орын алады. Хәзраж руына тиесілі болған ансарлық сахаба. Аяулы елшінің атының күтімін жасайтын атбегі еді. Бәдр соғысына қатысты ма жоқ па деген пікір талас бар болса да, кейбіреулері оны Бәдрлік сахабалар санатына қосады. Ұхудтан бастап дерлік соғыстарға қатысты. Зуқарад делінетін күнде бетіне тиген бір оқтың жарасын Арда елші өз қолымен емдеген. Әбу Қатәдә, сол күннен кейін ешкімнің бетінен ұрмағанын және жүзінің де жараланбағанын айтқан. Сондай-ақ Әз елші Аллаһтың оны сақтап қорғауы үшін дұға еткен еді. Тағы бір жорықта Әбу Қатәдәге «Аллаһ елшісін қорғағанындай сені де қорғады» деп мысқылдаған болатын. Ол кісі Аяулы елшіден 170 хадис жеткізген. Бұхари мен Мүслим осы хадистердің 11 данасында ортақтық етіп риуаят еткен.

Ол кісі Әли рһ дің халифалық тұсында 54 (674) жылы 72 жасында Мәдина да қайтыс болды. Куфа да қайтты депте айтылады. Жаназасын Әли рһ шығарды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 165-166 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір