Сахабалардан сыр сыңғыры-62
Сахабалардан сыр сыңғыры-62
11.03.2019 23:28
144
0

Ади ибни Ғамира әл-Кинди рһ.

Әбу Зүрарә лақабты сахаба. Атасының есімі Фәруа. Тарихшы Ибнил-Әсир, Ади ибни Фәруа деп аталған сахабаның да осы кісі екенін яғни Ади ибни Ғамира ибни Фәруа болғанын айтады. Ибн Ысхақтың айтуынан қарағанда оның мұсылман болуы былай болған; Ибн Шәхлә есімді бір яхуди ғалымы Аллаһтың кітабы Тәуратта ұжмақтық бір қауымнан баян етілгені және олардың ерекшеліктері жүздерінде сәжденің ізі болатындығын білдіргені әрі бұның текқана яхудилердің лайық екендігін тіпті олардың ішінен Иеменнен бір пайғамбар шығатынын сүйіншілейді. Ади, Бәну Хашимнен бір елші шыққанын естіген сәтте Ибн Шәхләнің айтқанын есіне алып, аттанып Арда елшіге жетіпжәне Оның сахабаларының беттері мен сәжде жасап намаз өтейтіндерін көріп күтілген пайғамбардың Мұхаммед с.ғ.с екенін түсініп исламды қабылдайды. Ади Куфада мекендеген. Тарихшы ибни Хәйсәмә оның Жәзирада қайтыс болғанын айтады. Уақиди болса 40 (660) жылы Куфа да қайтыс болды дейді. Кей әдебиеттерде Руха деген жерде өтті депте келеді. Адиден хадис жеткізушілер арасында өз ұлы және інісі Урс бар еді. Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 161-162 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір