Сахабалардан сыр сыңғыры-48
Сахабалардан сыр сыңғыры-48
13.01.2019 14:29
972
0

Сәләмә ибни Амр ибни Әкуаъ рһ.

Сәләмә, Мәдиналық және Әсләмұлдарына жататын бір сахаба. Бәйғатур-ридуан да болған. Лақаб есімі Әбу Әмир және Әбу Мүслим немесе Әбу Ілияс еді.

Оның жолында жан құрбан деп Арда елшіге бәйғат етті. Әз елшімен бірге жеті соғысқа қатысты. Өткір көзді, қаһарман және өлімнен еш қорықпайтын ір сахаба болатын. Сұр мерген, жібек мінезді, артықшылық мысалы, қайырымдылық иесі болған бір кісі еді. Арда елшіден жетпіс жеті хадис риуаят етті. Сәләмә, былай деп мақтанып әрі разы болып айтатын:

-         Әз елші мені қаншама рет мінгестірді. Қаншама рет басымнан сипады, маған әрі менің ұрпағыма қаншама рет жарылқау тіледі.

 

Құрметті елші ол кісі жайлы: «Біздің ең жақсы шабандозымыз Әбу Қатәдә, ал ең жақсы арнайы жасағымыз болса Сәләмә ибни Әкуаъ қой» дейтін.

Сәләмә ибни Әкуаъ Мәдинада өмір сүрді. Осман рһ-тың шахид болған оқиғасынан соң Рабәзә деген жерге мекендеді. Бірақ өлместен біраз уақыт бұрын қайта Мәдинаға оралып және секесеннен асқан шағында хижри 74 жылы сол жерде қайтыс болды.

Ұлы Ілияс, әкесінің ешқашан қандай бір жағдайда жалған айтпағанын айтатын.

Сәләмә ибни Әкуаътан риуаят етілген хадистердің көбі Бұхари және Мүслимнің сахихтерінде орналасты. Бұл риуаяттарда оның қаһармандығы, шынайылығы әрі Әз елшіге деген сүйіспеншілігінің тың мысалдары кезігеді (Мыс. Қар.з Мүслим, жихад 132).

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 563-564 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

 

0 пікір