Сахабалардан сыр сыңғыры
Сахабалардан сыр сыңғыры
12.02.2018 13:00
396
0

بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله... والصلاة والسلام على رسولنا محمد... اما بعد: انما الأعمال بالنيات, وانما لكل امرئ ما نوى.

 

Имам Нәуәуидің Риязус-Салихийн кітабы Түрік тілінде кең көлемде «Риязус-Салихийн  Пайғамбарымыздан өмір өлшемдері» деген атпен шарх жасалып ондағы хадистерде алғаш аталған сахабаның қысқа нұсқа өмірбаяны берілген. Соларды Құдай жазса қалың қауымға пайдалы болар деген мақсатпен ана тілімізге Құдай жазса аударып, беріп отырмақпын.

Омар

Хз. Омар Құрайш тайпасының Бәну Ади руынан тарап Пайғамбарымызға барып арғы аталарында қосылады. Хадистің басында Имам Нәуәуидің атаған ата тек шежіресі былай еді:

Омар – Хаттаб – Нуфайл – Абдулузза – Риях – Абдуллаһ – Құрт – Разах – Ади – Кағб – Луәй – Ғалиб.

Хз. Омар Аллаһ елшісінен 10 жас шамасында кішкене еді. Ислам мен қауышардан бұрын мұсылмандарға өте көп зорлық-зомбылық көрсетті. Атақ абыройы, күш қуатымен танымал бір азамат болғаны үшін, оның мұсылман болуы басқа мұсылмандарды қуаттандыды. Ислам мен қауыша сала Кағбаға барып намаз оқыды. Басқа мұсылмандарда алғаш рет сонда Кағбада намаздарын өтеді.

Мәдинаға хижрат жасағанда, қала орталығынан қазіргі таңда 3 шақырым болған Құбаға мекендеді. Күн ара Расул Әкрамға келіп, күні бойы Оның қасынан бір елі қалмайтын. Мәдинада Хз. Әбу Бәкірмен бірге Расулуллаһтың ең үлкен жәрдемшісі болды. Оның қатысқан барлық соғыстарына қатысты. Оған қызы Хафсаны үйлендіріп пайғамбарымыздың қайын атасы деген мәртебеге ие болды. Пайғамбарымызды жан-тәнімен құрметтеп жақсы көретіні соншалықты, Оның дүниеден озғанын естігенде есеңгіреп қалды. Қылышын жалаңдатып, Пайғамбар өлді дегендерді екіге бөлетінін айтты.

Өте қырағы әрі дәлме-дәл ойлайтын. Әлі ол мәселде уахи түспеген 15-20 маңызды тақырыпта Хз. Пайғамбарға келіп осы мәселелер жайлы аят түсіру үшін Алладан тілек тілеуін өтінді. Кейде бұл мәселелер жайлы өз тұжырымын Хз. Пайғамбарға білдірді. Хз. Омардың ашық айқын болса деп жүрген мәселелері жайлы аяттар түсті. Жайында аят түсірілген мәселелерге, Омардың ойы аяттарға сай түскені мағынасында «Муафақаты Омар» делінген (бұл тақырыпты кеңірек мәл. үш. Қар.з Тәжрид Тәржүмәсі, 2, 349-353).

Хз. Әбу Бәкірдің дүниеден озуымен Исламның екінші халифасы болды. Иран, Ирак, Сирия, Мысыр жерлерін Ислам аумағына қосты. Құдус, Азарбайжан, Армения, Хорасан, Александрия сол тұста фатх етілді. Басра, Куфа, Мусул секілді ірі қалалар тұрғызды. Теңдессіз әділет түсінігімен, әлем тарихында ұқсасы болмаған әділдік үлгілерін көрсетті. Жәрдемге мұқтаж болғандарға айлық жалақы тағайындады. Дәулет басқару ісіне маңызды озық үлгілер қойды. Басқару, әділет, экономикалық және әскери ұйымдар құрды. Исламның, Құран Кәрімнің және Ислам ілімдерінің кең ауқымды айналаға жайылу үшін іс жүргізді. Исламды көптеген жылдар бойы тікелей Пайғамбарымыздан үйренгендіктен Ислам құқығының көптеген мәселелерінде жеке көзқарастары бар еді.

Хз. Омар қаталдығымен қатар өте қарапайым жан еді. Жамаулы көйлек киіп, жесір әйелдерге су арқалап апарып, төсеніштер үстінде ұйықтап, түйелерді өз қолымен шудалап тазалап жуатұғын. Халифалығы тұсында түнде көшелерді аралап, арыз шағым мен танысып, халықтың мәселесін шешіп беретін. Өте әдемі сөйлеп, даналық сөздер айтатын. Қайсар және тура адамдарды жақсы көретін, өзін жамандасада оларға ренжімейтін. Халыққа сөз сөйлеп тұрып қателікке бой алдырсам не жасайсыңдар деп сұраған.

Жамағат арасынан біреу атып тұрып:

-                     Сені қылышымызбен тура жолға саламыз, деген.

Хз. Омар ол кісінің батылдығын сынау үшін:

-                     Маған осылай айтуға дәтің қалай барады? Деп сұраған да, ол кісі тартынбастан:

-                     Иә, бұл сөздерді сен үшін айтып жатырмын, дегеніне аса разы болып:

-                     Аллаһқа сансыз мадақ болсын, қате басар болсам, халқымның арасында мені қылышымен тура жолға салатын адамдар бар, деген.

Хз. Омар хижрәттің 24-ші жылында Зәрдушт бір құлдың қолынан шәһид етілді және Хз. Пайғамбардың жанына жерленді.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

 

(Жалғасы бар)

 

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

Сахабалардан сыр сыңғыры-2

Сахабалардан сыр сыңғыры-3

Сахабалардан сыр сыңғыры -4

0 пікір