Сахабалардан сыр сыңғыры-46
Сахабалардан сыр сыңғыры-46
11.12.2018 15:35
311
0

Ханзала ибни Рабиъ рһ.

Саңлақ сахабалардан болған Әбу Рибъи лақабымен аталады. Ардақты елшінің уахи жазушы жауаптыларынан еді. Сахаба арасындағы басқа аттастарынан ажырата білу үшін «Катиб Ханзала– Ханзала әл-катиб» деп аталған. Қадисия соғысында болған, кейін Куфада мекендеген. Жәмәл оқиғасында Әли рһ-тың қарсы жағында болды.

Өмірінің соңғы жылдарында Фырат өзенінің жағалауындағы бір қоныс орталығы болған Қарқасияда мекендеді әрі Мұғауияның халифалық жылдарында сол жерде қайтыс болды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 524-525 б.)

 

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір