Сахабалардан сыр сыңғыры-44
Сахабалардан сыр сыңғыры-44
27.11.2018 09:58
486
0

Абдуллаһ ибни Амр ибнил-Ас рһ.

Әкесі Амр мен бірге хижреттің жетінші жылында Мәдинаға көшіп келген Абдуллаһ, ескі салтқа қанған, оқу-жазу білетін бір сахаба еді. Әз елшіден естіген хадистерін жазып жүретін. Бұл мәселе бойынша Арда елшіден арнайы рұқсат алған. Хадис ілімі тарихындағы аса маңызды болған әс-Сахифатус-садиқа оның тікелей Аллаһ елшісінен естіп жазған мыңдай хадистен тұратын бір еңбегі еді. Оның өте мән беретін бұл еңбегінде болған хадистерден 700 дейі, немересі Амр ибни Шуғайбтың риуаяты мен Ахмед ибни Ханбәлдің Мүснәдінде (II, 158-226)орналасқан. Абдуллаһ ауқымды хадис және фиқһ білгірі ретінде сахабалар арасында ъабәдилә деп аталатын төрт Абдуллаһтың біреуі болып әйгілі.

Отбасын қараусыз қалдыратын деңгейде құлшылыққа құлшынысы басым әрі өте көп Құран оқитындығымен танылған Абдуллаһ, әкесінің шағымдануымен Әз елші тарапынан ескерту алған. Қартайып көздері көрмей бастаған кезде, кезінде Аллаһ елшісінің айтқан жеңілдіктеріне бекерге бағынбағаны үшін өкініп мойындады.

Әкесі Амр ибнил Ас пен бірге Шамның фатхы және Ярмук соғысында қатысты және бұл соғыста әкесінің ту ұстары болды. Мысыр фатх болған соң әкесі мен бірге Мысырға қоныс теуіп өмір сүрді. Әкесінің қоймауы мен сол дәуірдің саяси оқиғаларында Мұғауия жағында болды. Бірақ ешбір соғысқа денелей қатысып қылыш көтермеді. Аз уақыт Куфа және Мысыр да әкімдік қызмет атқарды.

Әкесінен бұрын мұсылман болған Абдуллаһ, 72 жасында Мысырда қайтыс болды. Қабірі, әкесі салғызған Амр ибнил-Ас мешітінде яғни қазіргі Кайрдегі маңызды бір қыдыруға тұрарлық мекен болып саналады. 

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 485-486 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір