Сахабалардан сыр сыңғыры-41
Сахабалардан сыр сыңғыры-41
07.11.2018 11:05
1558
0

Абдуллаһ ибни Буср әл-Әсләми рһ.

Әбу Сафуан лақабымен әйгілі болған Абдуллаһ, екі құбылаға (Құддыс және Қағба) бет бұрып намаз өтегендер қатарынан. Әз елші басына қолын қойып «Бұл бала, жүз жасайды» деген. Абдуллаһ шынымен жүз жыл ғұмыр кешеді.

Өзі, әкесі, анасы және бауыры сахаба болған Абдуллаһ, Аллаһ елшісінен 50 хадис риуаят етті.Бұхари және Мүслим бұл кісіден бір, бір хадис жеткізген.

Абдуллаһ, Хумуста жүз жас шағында хижри 96 жылы қайтыс болды.

Хумус өлкесінде ең соңғы қайтқан сахаба болып табылады.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 420 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір