Сахабалардан сыр сыңғыры-40
Сахабалардан сыр сыңғыры-40
01.11.2018 12:45
1679
0

Сәубан ибни Вуждуд рһ.

Ардақты елшінің мәуласы (азат еткен құлы) болған Сәубан Иеменнің Химияр тайпасынан еді. Лақаб аты Әбу Абдуллаһ. Әз елші ол кісіге еліне қайту немесе әһлі-бәйт арасында қалу деген таңдауды ұсынды. Ол Мәдинада қалуды таңдады. Пайғамбар  қайтыс болғанша үйде де түзде де қызметінде болып жүрді. Әз елші өткен соң қайтыс болған соң Шам өлкесіне көшті. Мысырдың фатхына қатысты.

Арда елшіден 128 хадис жеткізді. Имам Мүслим ол кісінің 10 дана риуаятын сахихіне алды.

Сәубан, Хумуста хижри 54 жылында қайтыс болды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 418-419 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір