Сахабалардан сыр сыңғыры -4
Сахабалардан сыр сыңғыры -4
21.02.2018 09:38
1622
0

 

 

Имам Нәуәуидің Риязус-Салихийн кітабы Түрік тілінде «Риязус-Салихийн  Пайғамбарымыздан өмір өлшемдері» деген атпен 8 том болып ауқымды шарх жасалып ондағы хадистерде алғаш аталған сахабаның қысқа нұсқа өмірбаяны берілген. Соларды Құдай жазса қалың қауымға пайдалы болар деген мақсатпен ана тілімізге  аударып, беріп отырмақпын.

Әнәс ибни Мәлик

Мәдиналық болған Әнәс он жасар бала шағында Пайғамбарымыз һижрат етіп, Мәдинаға көшіп келді. Анасы Үммү Суләйм оны жетектеп Пайғамбарымызға әкелді. Әнәстің жақсы бала екенін айтып оны Пайғамбарымыздың қызметшісі болуға қалдырды. Әнәс кешке дейін Пайғамбарымыздың қасында болып, кешке қарай Құбадағы үйіне қайтып отыратын. Пайғамбарымыз бен бірге көптеген жорықтарға қатысты.

Пайғамбарымыз өте зерек бала Әнәсті өте қатты жақсы көретін. 

Әнәстің айтуы бойынша «балақайым!»деп шақырып, оны ешқашан ұрыспайтын, ұрмайтын, ұнатпаған бір нәрсе жасаса да, «мұны не үшін жасадың, немесе жасамадың?» демейтін. Кейде оған әй «екі құлақты» мағынасында «Зул узүнәйн» деп әзілдейтін.

Хз. Пайғамбар Әнәске ұзақ өмір, көп бала және бай дәулетті болуы үшін, Аллаһ Тағаланың оны жәннаттық қылуы үшін дұға жасады. Пайғамбарымыздың дұғасы толығымен қабыл болды. Әнәс жүзден астам жыл ғұмыр кешті. Көп балалы, немерелі және аса дәулетті болды.

Расул-і Әкрамнан естіп үйренгені, қайталанғандары мен қатар 2286 риуаятымен ең көп хадис жеткізген жеті сахабаның үшіншісі еді. Оқу жазу білгендіктен естіген хадитерін жазатын-ды. Бұл риуаяттарды Мәдинада және кейін мекендеген Басрада жүздеген шәкірттеріне үйретті.

Пайғамбарымызды өте жақсы танитындардың бірі болғандықтан, ол тура Расул-і Әкрам секілді өмір сүретін, Сол кісі секілді намаз өтейтін. Пайғамбарымызға тиесілі бір шыбық және Ол кісінің бір тал шашын үнемі жанында сақтап жүретін. Көз жұмған уақытында өсиеті бойынша, Пайғамбарымыздың бір тал шашын тілінің астына, шыбықты жанына бірге жерлеуін өсиет етті.

Әнәстің анасы Үмму Суләйм мен үйленген өгей әкесі Әбу Талха, саңлақ сахабалардан еді. Пайғамбарымыз олардың үйлеріне жиі баратын, ол жерде нәпіл намаз оқитын, Үмму Суләймнің тамағын жеп, түсте қайлулә жасап, оларға алғыс батасын беретін.

Әнәс хижраттың 93 жылында, 103 жасында Басрада дүниеден озды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

Жалғасы бар!

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір